Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері арасында «Іс-әрекеттегі зерттеу» жобасы аясында шеберлік сыныптары өткізілді.
31
март
2022
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері арасында «Іс-әрекеттегі зерттеу»
№178 мамандандырылған лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері арасында «Іс-әрекеттегі зерттеу» жобасы аясында шеберлік сыныптары өткізілді. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері, педагог-сарапшы А.Мамутова «Ағылшын тілі сабағында сөйлеу әрекетін бағалау», педагог-сарапшылар Д.Нусупалиева, А.Примбаева "Ағылшын тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыстың тиімді әдістері" тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөлісті. Пән мұғалімдері оқушыларды ағылшын тілінде оқуды жетілдірудің түрлі дәрежедегі толықтығы мен
“Біз таза аула үшін” ұранымен  ерікті сенбілік өткізілді.
30
март
2022
“Біз таза аула үшін” ұранымен ерікті сенбілік өткізілді.
N178 мамандандырылған лицейде "Адал ұрпақ" лицей клубының белсенді оқушыларының қатысуымен “Біз таза аула үшін” ұранымен ерікті сенбілік өткізілді. Оқушылар бос уақыттарын тиімді өткізіп, қоғамдық жұмысқа белсене атсалысты. Сенбіліктің мақсаты: лицейдің төңірегіне көрік қосу, тазалық жағдайын жақсарту.
Лицейіміздің белсенді оқушылары  "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығына барып қайтты.
26
март
2022
Лицейіміздің белсенді оқушылары "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет
N178 мамандандырылған лицейдің белсенді оқушылары "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет орталығына барып, қазыналы қарттарымызға азық-түлік апарып, өз өнерлерімен  бөлісті. Жүрегі мейірімге толы саналыда білімді, қамқор жастарымыз көп болсын. Қазыналы қарттарымызға құрмет көрсеткен лицейдің оқушыларына үлкен алғысымызды білдіреміз.
"Адал ұрпақ" еріктілер клубы №1 балалар үйінде қайырымдылық іс-шара өткізді.
25
март
2022
"Адал ұрпақ" еріктілер клубы №1 балалар үйінде қайырымдылық іс-шара
   N178 мамандандырылған лицейдің "Адал ұрпақ" еріктілер клубының жоспарына сәйкес лицейдің белсенді окушылары Алматы облыстық №1 балалар үйіне барып, балалардың көңіл-күйін көтеріп, қайырымды іс жасады.
«Табиғат аясына саяхат» тақырыбында іс-шара өткізілді.
20
март
2022
«Табиғат аясына саяхат» тақырыбында іс-шара өткізілді.
     Эстетикалық пәндер, дене шынықтыру, АӘжТД кафедрасының «Өнер сүйген, білім сүйген ұрпақпыз!» атты онкүндігі де мәресіне жетті. Онкүндік барысында ашық сабақтар, сыныптан тыс спорттық іс-шаралар, қолданбалы өнер туындыларының көрмесі, әйгілі спорт шеберлерімен кездесу ұйымдастырылды. Онкүндіктің жабылуы Алатау бөктеріндегі Шымбұлақ шатқалында орналасқан демалыс орнында өтті. «Табиғат аясына саяхат» тақырыбында өткізілген іс-шараның барысында ұстаздар сноуборд және шаңғы тебуден өз өнерлерін
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауы лицей ұжымында талқыланды.
19
март
2022
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына
       Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауы №178 мамандандырылған лицей ұжымында талқыланды. Тарих пәнінің мұғалімі Тұрлығожаев Али Ерболатұлы Жолдаудағы мемлекет басшысының стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін: «Президенттік өкілеттілігі», «Өкілді билік тармағын қайту құру», «Сайлау жүйесін жетілдіру», «Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту», «Сайлау үдерісін жаңғырту», «Құқық қорғау институттарын
"Әскерге шақыру" күнiне арналған кездесу өтті.
19
март
2022
"Әскерге шақыру" күнiне арналған кездесу өтті.
        №178 мамандандырылған лицейде Алатау ауданы мектептерінің Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің мұғалімдері "Әскерге шақыру" күнiне арналған кездесу өтті. ✅ Кездесуге ауған соғысының ардагерлері, Алатау ауданы қорғаныс істер департаментінің қызметкерлері және мектеп оқушылары қатысты. ✅ Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тарихын білуге тәрбиелеу, елімізде өскелең ұрпақтардың Отанға деген патриоттық сезімдерін арттыру.
«Қош келдің-Әз Наурызым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
18
март
2022
«Қош келдің-Әз Наурызым» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
⚜️ Ұлыстың ұлы күні Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс-берекенің арқауы, тек адамзаттың ғана емес, табиғаттың да жаңарып, бой түзейтін шағы. Күн мен түннің теңеліп, жан-дүниені тірілткен, төрт түлік төлдеп, арқа-басы кеңіп, аққа аузы тиген, қытымыр қыстың ызғарынан құтылып, алдағы шуақты күндерден үміттендірген Наурыз мерекесі Тәуелсіз елімізде зор ықыласпен тойланады. Осы мерекеге орай лицейдің кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекова дөңгелек үстел өткізіп, оқушыларға Наурыз
“Бауырсақ party” атты жәрмеңке өткізілді.
18
март
2022
“Бауырсақ party” атты жәрмеңке өткізілді.
     🎁 N178 мамандандырылған лицейде Наурыз мерекесі қарсаңында лицейішілік жоспарға сәйкес “Бауырсақ party” атты жәрмеңке өткізілді. Мақсаты: оқушыларды кәсіпкерлікке баулу, шағын бизнес арқылы қайырымды игі іс жасап, қарияларға көмек көрсетуге тәрбиелеу. Қайырымдылық жасаудан шаршамайық!
"Адал ұрпақ" ерікті лицей клубының ұйымдастыруымен "Адалдық дүкені" ашылды.
18
март
2022
"Адал ұрпақ" ерікті лицей клубының ұйымдастыруымен "Адалдық дүкені"
     📌 N178 мамандандырылған лицейде "Адал ұрпақ" ерікті лицей клубының ұйымдастыруымен "Адалдық дүкені" ашылды. Мақсаты – қоғамда сенім атмосферасын қалыптастыру және оқушыларға өздерін жақсы, адал адам ретінде тануға мүмкіндік беру. 📌 “Адалдық дүкенінде” мұғалімдер мен оқушылар өздеріне қажетті заттарды алып, алынған тауар үшін ақшаны кассалық жәшікке қалдыруда. Сатушысы жоқ дүкеннің басты ерекшелігі де осында, яғни сатып алушылар өзіне тек адалдық принципі бойынша қызмет көрсетуде.