19
март
2022
«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауы лицей ұжымында талқыланды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Қазақстан халқына Жолдауы №178 мамандандырылған лицей ұжымында талқыланды. Тарих пәнінің мұғалімі Тұрлығожаев Али Ерболатұлы Жолдаудағы мемлекет басшысының стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін: «Президенттік өкілеттілігі», «Өкілді билік тармағын қайту құру», «Сайлау жүйесін жетілдіру», «Партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту», «Сайлау үдерісін жаңғырту», «Құқық қорғау институттарын күшейту», «БАҚ-ның бәсекеге қабілетін арттыру және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайту», «Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру», «Жершілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру», «Дағдарысқа қарсы кезек күтілмейтін шаралар» туралы бастамаларды атап өтті.
Лицей ұжымы Жолдауды мұқият тыңдап, «осы қадамның өзі біздің жарқын келешегімізге жасалған қадамдардың бірі болып табылатыны сөзсіз» деген пікір білдірді.
