Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицей оқушылары “Мен еліме не бердім, елім маған не берді” тақырыбындағы рухани-танымдық кездесудің куәсі болды
23
октябрь
2023
Лицей оқушылары “Мен еліме не бердім, елім маған не берді”
     Бүгін лицей оқушылары жас ақын, ғалым Ержан Жұмабекұлы мен қазақ тілінің жанашыры, жас ғалым  Қуаныш Жұмабекұлымен болған “Мен еліме не бердім, елім маған не берді” тақырыбындағы рухани-танымдық кездесудің куәсі болды. Кездесу барысында екі ғалымның бір отбасы балалары екенін, бірнеше тілді білетінін, қазақ ғылымында өз қолтаңбалары бар шығармашыл, қазақ тілін, әдебиетін, дәстүрін, зерттеушілер екенін білді. 100 жаңа есімнің қатарындағы жас ғалымдарымыздың мотивацияға толы, озық ойлы еркін
“Алаш жастары” дебат клубының ұйымдастыруымен «Оян қазақ» фильмінің мазмұны  бойынша оқушылар арасында дебат өткізілді
23
октябрь
2023
“Алаш жастары” дебат клубының ұйымдастыруымен «Оян қазақ» фильмінің
     23.10.2023ж. Республика күніне орай №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Рапилова Э.Ж. мен “Алаш жастары” дебат клубының ұйымдастыруымен, «Sirius» интеллектуалды дебат клубының мүшесі Нүсіпжан Мөлдірдің қатысуымен «Оян қазақ» фильмінің мазмұны  бойынша оқушылар арасында дебат өткізілді. «Оян қазақ» сынды фильмдердің қоғам арасында таралуы Алаштың зиялы қауымын жақынырақ тануға, ұлт арасында патриот сезімін арттыруға мүмкіндік береді. Мақсаты: оқушыларға
"Тәуелсіздік ұрпақтары" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
23
октябрь
2023
"Тәуелсіздік ұрпақтары" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді
     25 қазан – Республика күніне орай N178 мамандандырылған лицейде "Тәуелсіздік ұрпақтары" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу.
25 қазан – Республика күні
23
октябрь
2023
25 қазан – Республика күні
     25 қазан – Республика күніне орай №178 мамандандырылған лицей ұстаздары мен оқушылары мемлекеттік гимн орындады. Мереке құтты болсын!
Лицей оқушылары қалалық «Алтын күз - 2023» туристік жарысының жеңімпазы атанды
21
октябрь
2023
Лицей оқушылары қалалық «Алтын күз - 2023» туристік жарысының
     2023 жылғы 21 қазанда туристік және өлкетану қызметін жандандыру арқылы балалар мен жастардың патриоттық және азаматтық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау мен туристік дағдыларды қалыптастыру, мейірімді және мәдениетті тұлғаны тәрбиелеу мақсатында Алматы қаласы оқушыларының қатысуымен «Алтын күз - 2023» қалалық туристік жарысы өтті. Бірнеше кезеңді сайыста лицей командасы топ жарып, жеңімпаз атанды. Бұл жеңіс лицей абыройын жалау еткен оқушыларымыздың еңбегінің жемісі.
25 қазан - Республика күніне орай 9-сынып оқушылары арасында қол күрестен жасрыс өткізілді
20
октябрь
2023
25 қазан - Республика күніне орай 9-сынып оқушылары арасында қол
25 қазан - Республика күніне орай 20 қазанда №178 мамандандырылған лицейде «ЖасStar» өзін-өзі басқару ұйымы Спорт клубының ұйымдастыруымен 9-сынып оқушылары арасында қолкүрестен жарыс өткізілді. Білекті оқушылар қатарынан табылған Ешмұхамет Қанатбек 1-орынды, Қуанышбек Ильяс пен Сәбит Нұрым 2-орынды, Аманбай Нұрасыл, Жұмабек Қажыкелді мен Азимхан Елжас 3-орынды еншіледі. Ел тірегі болар азаматтарымыз көп болсын! Жеңістеріңізбен құттықтаймыз!
Тәжірибе алмасу — кәсіби қажеттілікті шыңдау
20
октябрь
2023
Тәжірибе алмасу — кәсіби қажеттілікті шыңдау
     2023 жылдың 20 қазанында лицейдің физика-информатика пәндерінің мұғалімдері Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің физика пәні мұғалімі, жоғары санатты педагог-шебер. «Еңбек ардагері» медалі, III дәрежелі «Еңбек Даңқы ордені», «Қазақстан Республикасының үздік мұғалімі» атағы, «Ыбырай Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының Білім беру үздігі» төс белгілерінің иегері Тұяқбаев Сабыр Тұяқбайұлымен кездесті. Кездесу барысында ұстаздарымыз Сабыр Тұяқбайұлына көкейдегі сұрақтарын
Республика күніне орай "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауы өткізілді
20
октябрь
2023
Республика күніне орай "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе
     25 қазан - Республика күніне орай №178 мамандандырылған лицейде "ЖасStar" өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен 9-10 оқушылары арасында "Менің арманымдағы Қазақстан" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқау барысында, оқушылар өздерінің болашақта көргісі келетін Қазақстан жайлы өз ойларын пайымдап, ақ қағаз бетіне түсірді. Нәтижесінде: 1-орынды 9"Ә" сынып оқушысы Жұманазар Айиша, 2-орынды 9"Ә" сынып оқушысы Доғдырбай Айару, 3-орынды 9"Ә" сынып оқушысы Алибекұлы Абзал жеңіп алды.
8 "Ж" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс халықаралық аспапта ойнау байқауында Бас жүлде иеленді
20
октябрь
2023
8 "Ж" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс халықаралық аспапта ойнау
№178 мамандандырылған лицейдің 8 "Ж" сынып оқушысы Абылай Бейбарыс Шымкент қаласында "Zhuldyz art Kazakhstan" ұйымдастыруымен өткізілген халықаралық аспапта ойнау байқауынан Гран-при иеленді. Құттықтаймыз! 
Қасейін Алқар 25 қазан Республика күніне орай  "Alatau Creative Hub" орталығында ұйымдастырылған мерекелік кешке атсалысты
19
октябрь
2023
Қасейін Алқар 25 қазан Республика күніне орай "Alatau Creative Hub"
     Лицейіміздің өнерлі оқушыларының бірі Қасейін Алқар 25 қазан Республика күніне орай  "Alatau Creative Hub" орталығында ұйымдастырылған мерекелік кешке лицей атынан қатысып, өз өнерін көрсетті. Биылғы оқу жылында лицейіміз аталған орталықпен арнайы Меморандум жасап, лицей басшысы Қайратбек Хамзаханұлы мен орталықтың директоры Нұрзия Мейірханқызының қолдауларымен қос тараптың өтініші бойынша іс-шараларды бірігіп өткізуге келіскен болатын. Келе жатқан Республика күні құтты болсын! Еліміз