23
октябрь
2023
Лицей оқушылары “Мен еліме не бердім, елім маған не берді” тақырыбындағы рухани-танымдық кездесудің куәсі болды
Бүгін лицей оқушылары жас ақын, ғалым Ержан Жұмабекұлы мен қазақ тілінің жанашыры, жас ғалым Қуаныш Жұмабекұлымен болған “Мен еліме не бердім, елім маған не берді” тақырыбындағы рухани-танымдық кездесудің куәсі болды. Кездесу барысында екі ғалымның бір отбасы балалары екенін, бірнеше тілді білетінін, қазақ ғылымында өз қолтаңбалары бар шығармашыл, қазақ тілін, әдебиетін, дәстүрін, зерттеушілер екенін білді. 100 жаңа есімнің қатарындағы жас ғалымдарымыздың мотивацияға толы, озық ойлы еркін тілдесімдері оқушыларды кітап оқуға, білімге шақырды. Уақытты тиімді пайдалану мен мамандық таңдауда өзіне ғана үміт артуға үндеді.