Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі
14
март
2025
14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі
14 наурыз – Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе-реніш ұмытылып, кешіріледі. Амал күні қазағым көріседі, Көрісу, бұл көненің желісі еді. Жасың құтты болсын деп жамырасып, Ақ ниетпен адал бол деліседі деген ұстаныммен лицей мұғалімдері мен оқушылары күнді әдемі көрісумен бастады. Амал мерекесі құтты болсын! Жылдан жылға аман-есен жетейік!
"Деструктивті ағымға тартатын адамның психологиялық портреті" тақырыбында трениг жүргізілді
13
март
2025
"Деструктивті ағымға тартатын адамның психологиялық портреті"
"Деструктивті ағымға тартатын адамның психологиялық портреті" тақырыбында трениг жүргізілді. Мақсат: адамның өзіндік дамуына теріс әсер ететін топтарға тартылу себебі мен салдарын анықтай отырып, олардың алдын алу жолдары туралы психологиялық қолдау көрсету  
"Театрдың ғажайып әлемі" фестиваль-байқауы өткізілді
12
март
2025
"Театрдың ғажайып әлемі" фестиваль-байқауы өткізілді
“Шабыт” жобасы аясында лицейде “Театрдың ғажайып әлемі” атты театр үйірмесі жұмыс жасайды.Үйірменің мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау мен дамыту. 
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай кітап  көрмесі өтті
11
март
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай кітап көрмесі өтті
Лицейде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған көрме өтті. Бұл көрме оның өмірі мен шығармашылығының тереңдігін, ұлттық мәдениет пен әдебиетке қосқан үлесін дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеде Абайдың шығармаларын, оның жеке мұраларын, портреттерін және заманы туралы ақпараттарды көруге мүмкіндік туды. Мұндай көрмелер оқушыларға Абайдың философиялық ойларын, адамгершілік мұраттарын және ұлттық құндылықтарды ұғындыруға бағытталған маңызды шаралар болып табылады.
"Таза Қазақстан" науқаны
11
март
2025
"Таза Қазақстан" науқаны
"Таза Қазақстан" жалпы Республикалық акциясындағы "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанын іске асыру мақсатында "Алматы – біздің қала" тақырыбында лицейіміздің 5-сынып оқушылары сурет салды.
"Балалар кітапханасы" жобасы
07
март
2025
"Балалар кітапханасы" жобасы
Лицейіміздің мұғалімдері мен оқушылары "Балалар кітапханасы" жобасы аясында әр мұғалім, оқушы өз жақынына және лицей кітапханасына кітап сыйлауға мүмкіндікке ие. Осыған орай 8 “А” сынып жетекшісі жазушы Қанат Тілеуханмен бірге кездесу өткізіп, жазушының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат алды. Бұл жобада ата-аналар да, оның ішінде, Оразгалиева Элмайра белсене қатысып, лицей кітапханасына бірнеше кітап сыйға тартты. Бұл жобаның мақсаты– қарапайым және мейірімге толы, барлық адамзатты кітап
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі
07
март
2025
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі
Лицейдің мәжіліс залында өткен мерекелік концертте 10-сынып оқушылары өз өнерлерімен ұстаздарын қуанышқа бөледі. Әсем ән айтылып, керемет өлеңдер оқылды. Ананың өмірдегі, қоғамдағы орны туралы ой толғаған оқушыдар біртұтас тәрбиенің нағыз үлгісін көрсете білді. 5-сынып оқушылары орындаған оқушылар хоры, 9-сынып оқушылы орындаған заманауи би концертімізді жандандырып жіберді. Лицей директоры ресми құттықтап, марапаттар беріп қана қойған жоқ, лицейдегі ер-азаматтармен бірге әуелете ән салды.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі
06
март
2025
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне орай N178 мамандандырылған лицейдің ер-азаматтары лицей ұстаздары мен барлық қызметкерлерін шын ықыластарымен құттықтады.
“Бұрымды ару” байқауы өтті
05
март
2025
“Бұрымды ару” байқауы өтті
“Біртұтас тәрбие”бағдарламасы “Даналық” мектебі аясында 8 наурыз мерекесіне орай 9-сынып қыздары арасында лицейішілік “Бұрымды ару” байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық т. б. жан-жақты ұлттық қасиеттерін таныта білу, қазақ халқының ұлттық өнерін, салт-дәстүрін дәріптеуге үйрету, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту, көпшілік
«Назар аударыңыз!»
04
март
2025
«Назар аударыңыз!»
Төтенше жағдайларға дайын болу – адам өмірі мен денсаулығын сақтаудың кепілі. Бүгін, сағат 10:00-де Алматы қаласы бойынша өткен жалпықалалық сейсмикалық жаттығуға №178 мамандандырылған лицейдің қызметкерлері мен оқушылары белсенді түрде қатысты. Сейсмикалық жаттығу барысында барлық қатысушылар «Назар аударыңыз!» сигналын естігеннен бастап, лицейде барлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, толығымен қауіпсіз орынға эвакуацияланды.