Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы шарасы өтті.
08
май
2025
«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы шарасы өтті.
«Қамқор» жобасы аясындағы қайырымдылық акциясы Алматы қаласы мамандандырылған балалар үйінде ерекше шара өтті. «Қамқор» жобасының бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық акциясына еріктілер, демеушілер мен лицей оқушылары белсене қатысты. Балаларға қуаныш сыйлап, оларға мейірім мен махаббатқа толы көңіл күй тарту еткен бұл игі шара – бірлік пен жанашырлықтың айқын көрінісі болды. Қайырымдылық – жүректен, ал мейірімділік – әрекеттен басталады!
«Лицей сұлтаны-2025»  байқауы өтті
08
май
2025
«Лицей сұлтаны-2025» байқауы өтті
7 Мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында «Лицей сұлтаны-2025» байқауы өтті. Нәтижесінде: Бас жүлде: Анарбек Иманали, 8 «Ә» сынып оқушысы; 1-орын: Қайырхан Нұржан, 8 «Б» сынып оқушысы; 2-орын: Мейрамбек Ерсұлтан, 7 «Г» сынып оқушысы; 2-орын: Шарубек Нартай, 7 «Ә» сынып оқушысы; 3-орын: Әлкен Ерасыл, 8 «Ғ» сынып оқушысы жеңіп алды.
Сенбілік – тазалық кепілі
08
май
2025
Сенбілік – тазалық кепілі
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай лицейімізде тазалық пен тәртіпке арналған сенбілік өтті! Бұл – тек аула тазарту емес, бұл – ұрпаққа құрмет, табиғатқа жанашырлық, өз ортаңа деген сүйіспеншілік!  Біздің мақсат – лицейімізді жай ғана таза ұстау емес, оны шабыттандыратын, жарқыраған білім ордасына айналдыру! Оқушылар, ұстаздар, қызметкерлер – барлығы бір мақсатпен бірігіп, аула тазалап, жасыл желекке күтім жасады.  
"Күй күмбірі” жобасы аясында  лицей оқушылары үзіліс уақытында күй шертті
06
май
2025
"Күй күмбірі” жобасы аясында лицей оқушылары үзіліс уақытында күй
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде “Күй күмбірі” жобасы аясында лицей оқушылары үзіліс уақытында күй шертіп, көңілді үзіліс ұйымдастырды.
«Ерлікке тағзым – Мәңгілік даңқ» патриоттық іс-шара
06
май
2025
«Ерлікке тағзым – Мәңгілік даңқ» патриоттық іс-шара
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында лицейде ерекше маңызы бар тағылымды шара өтті. 8-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткен "Ерлікке тағзым – Мәңгілік даңқ" атты патриоттық іс-шарада жас ұрпақ ел үшін жанын қиған батырлардың рухына тағзым етіп, олардың ерлігін еске алды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік, ерлік пен елжандылық, жауапкершілік пен рухани байлық қасиеттерін тәрбиелеу. Жастарымыз тарихты ұмытпай, ерлік шежіресінен үлгі алып өссе – ел болашағы
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс өтті
06
май
2025
«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс өтті
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының маманы психология ғылымдарының магистрі, философия ғылымдарының кандинанты, дінтанушы Алимгожинова Мадина Серікқызы лицей оқушыларына «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дәріс өткізді.
Саптық түзеу – тәртіп жолы
05
май
2025
Саптық түзеу – тәртіп жолы
2025 жылдың 05 мамыр күні "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында лицейішілік саптық түзеу өтті. Бұл дәстүрлі саптық жиында Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимні орындалды. Сонымен қатар, білім алушыларға тәрбиелік түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылар жетістіктермен марапатталды.
Өрттің алдын алу – өмірді сақтау
05
май
2025
Өрттің алдын алу – өмірді сақтау
"Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" ұранымен заматтық азаматтық қорғау саласындағы өткізілген оқу сабақтарының жоспары негізінде "Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша" сынып сағаттары өтті. Іс-шара барысында оқушыларға өрттің алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін сақталуы тиіс негізгі ережелер айтылды. Оқушылар өрт сөндіргіштерді қалай дұрыс пайдалану керектігін, телефон арқылы өрт туралы қалай хабарлау керектігін, өрт болған жағдайда үй-жайдан қалай шығу
"Қауіпсіз қоғам", "Өрт сөндіруге арналған машиналар түрі" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
05
май
2025
"Қауіпсіз қоғам", "Өрт сөндіруге арналған машиналар түрі" тақырыбында
"КӨМЕК" бағдарламасы аясында "Бірлік және ынтымақ" айлығы негізінде "Қауіпсіз қоғам", "Өрт сөндіруге арналған машиналар түрі" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні: Тарихты ұмытпау – бейбіт болашақ кепілі
02
май
2025
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні: Тарихты ұмытпау – бейбіт болашақ кепілі
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні: Тарихты ұмытпау – бейбіт болашақ кепілі Адамзат тарихында ұмытылмас күндер бар. Солардың бірі – 9 мамыр. Бұл күн – батырлық пен ерліктің, табандылық пен азаттықты аңсаған халықтың жеңісі ретінде әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алады. Ұлы Отан соғысы – тек майдандағы шайқастар емес, бүкіл елдің жанқиярлық еңбегі мен қажырлы күресінің көрінісі. Ал 9 мамыр – сол күрестің, сол ерліктің нәтижесі болған қасиетті Жеңіс күні. 1941–1945 жылдары Кеңес Одағы фашистік