02
май
2025
9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күні: Тарихты ұмытпау – бейбіт болашақ кепілі

Адамзат тарихында ұмытылмас күндер бар. Солардың бірі – 9 мамыр. Бұл күн – батырлық пен ерліктің, табандылық пен азаттықты аңсаған халықтың жеңісі ретінде әрбір қазақстандықтың жүрегінде ерекше орын алады. Ұлы Отан соғысы – тек майдандағы шайқастар емес, бүкіл елдің жанқиярлық еңбегі мен қажырлы күресінің көрінісі. Ал 9 мамыр – сол күрестің, сол ерліктің нәтижесі болған қасиетті Жеңіс күні.
1941–1945 жылдары Кеңес Одағы фашистік Германияға қарсы шайқасқа түсті. Бұл соғысқа Қазақстаннан 1,2 миллионнан астам адам аттанып, олардың мыңдағаны майдан даласынан оралмады. Жауынгерлердің ерлігі мен тылда еңбек еткендердің қажыр-қайраты Жеңістің жақындауына үлкен үлес қосты. Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты батырларымыздың есімі халық жадында мәңгі қалды.
Бүгінгі таңда соғыс ардагерлерінің қатары сиреп барады. Уақыт өткен сайын сол бір қасіретті жылдар алыстап, тек тарих бетінде ғана сақталып келеді. Сондықтан қазіргі ұрпақ үшін Жеңіс күнінің шын мәнін түсіну аса маңызды. Бұл күн – жай ғана мереке немесе демалыс емес, бейбіт өмірдің қадірін ұғынуға, тарихтан тағылым алуға себеп. Жас ұрпақ соғыстың сұмдығын, батырлардың ерлігін, елдің бірлігін ұмытпауы тиіс.
Ерлікті дәріптеу – тарихи сананы қалыптастырады. Ол – болашаққа бағыт береді, Отанды сүюге тәрбиелейді. Тарихты ұмытпау арқылы біз соғыссыз болашақ құруға үлес қоса аламыз. Сондықтан 9 мамыр – әрқашан біздің жүрегімізде бейбіт өмірдің, қаһармандықтың және елдіктің мәңгілік символы болып қала бермек.
Орындаған:178 Мамандандырылған лицей 11Б сынып оқушысы Сапархан Мадина
Мұғалім:Етекбаева Жанар