Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Ел жастары” және “Жолда жүру ережесі” бағдарламасы аясында лицей оқушыларына сынып сағаттары өткізілді
25
ноябрь
2021
“Ел жастары” және “Жолда жүру ережесі” бағдарламасы аясында лицей
   N178 мамандандырылған лицейде 23-қараша күні тәрбие жұмысының циклограммасы негізінде 9-11 сыныптарда “Ел жастары” бағдарламасы, 5-8 сыныптарда “Жолда жүру ережесі” бағдарламасы аясында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: жастарымыздың бойында елжандылық, азаматтық пен адамгершілік сезімдерін жан-жақты жетілдіру. Сынып сағаттары лицей оқушыларының күнделікті “Әрдайым сақ жүру - өз өміріңді ұзарту” қағидасын ұстануына ықпал етуде.  
«Заманауи мектептегі математика пәнінің мұғалімдерінің жұмыс орнын ұйымдастыру және  оқушы жетістіктерін дамыту ортасын қалыптастыру» атты семинар өтті
24
ноябрь
2021
«Заманауи мектептегі математика пәнінің мұғалімдерінің жұмыс орнын
№178 мамандандырылған лицейде «Заманауи мектептегі математика пәнінің мұғалімдерінің жұмыс орнын ұйымдастыру және оқушы жетістіктерін дамыту ортасын қалыптастыру» тақырыбында қалалық семинар болып өтті. Семинарға ҚББЖТҒӘО әдіскері Кадирова Салтанат Умирзаковна қатысып, «Оқушылардың жазба жұмыстарының элементтерін талдау» бойынша білім алушылардың білімдегі олқылықтардың орнын толтыру жұмысының алгоритмі ұсынылды. Семинар барысында математика пәнінің мұғалімдері Б.Т.Китапбаева, А.И.Бектасова,
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына лицейдің 5-сынып оқушылары қабылданды
24
ноябрь
2021
"Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымына лицейдің 5-сынып
   Мамандандырылған лицейдің 5-сынып оқушыларын республикалық "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер бірыңғай ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өтті. Лицейдің үздік әрі белсенді оқушылары "Жас Ұлан" ұйымына мүше болу үшін ресми түрде ант қабылдады. Анттарыңызға адал болыңыздар, құрметті оқушылар!
«Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың интерференциясы» тақырыбында ашық сабақ өтті
23
ноябрь
2021
«Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың
«Физика-информатика» кафедрасының онкүндігінің жоспарына сәйкес физика пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Тастанова Жанат Оразовнаның 11«Б» сыныбында «Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың интерференциясы» тақырыбында жаңа білім беру сабағы өтті. Ашық сабақ барысында оқушылар эксперименттік тапсырмаларды виртуалды зертхана арқылы орындап, оңтайлы шешімдерін таба білді. Сонымен бірге АКТ құралдарын, көрнекілік материалдарды тиімді пайдаланды. Сабақ мұғалімдердің іс-тәжірибе
Физика пәнінің мұғалімдері шеберлік сағаттарын өткізді
23
ноябрь
2021
Физика пәнінің мұғалімдері шеберлік сағаттарын өткізді
№178 мамандандырылған лицейде «Іс-әрекеттегі зерттеу» жобасы жалғасуда. Физика пәнінің мұғалімдері: педагог-шебер Слямгалиева Гульнар Набиевнаның "Математикалық маятниктің тербелістері", педагог-зерттеуші Жумагулова Сағила Абдуллаевнаның «Физика сабағында SMART технологиясын қолдана отырып, оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру» тақырыбында шеберлік сыныптары өтті. Шеберлік сыныптарда физика пәнін оқытудағы ұтымды әдіс-тәсілдері, пәнге деген қызығушылықты арттырудың жолдары, SMART
Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеумен айналысатын ғалымдармен кездесу өтті
23
ноябрь
2021
Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеумен
№178 мамандандырылған лицей оқушылары ғарыштық зерттеулер мен технологиялар саласындағы ғылыми-зерттеумен айналысатын ғалымдармен онлайн форматта кездесті. Кездесуге «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор Нұрғожин Марат Рахмалыұлы және «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты» ЕЖШС директорының орынбасары, физика-математика ғылымдарының кандидаты Валиуллин Рашит Равилович қатысты. Кездесуде
«Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
22
ноябрь
2021
«Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында
№178 мамандандырылған лицейде 23-қараша «Жалпыадамзаттық құндылықтар» күнін мерекелеу қарсаңында 11-сыныптың ата-аналарымен «Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі» тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста әрбір адам өмірге адал өмір сүру, адамдарға риясыз қызмет ету, салауатты өмір салтын ұстану, кез-келген жағдайда сабырлық сақтап, ақыл-парасатқа жүгіну, ешкімге ешнәрсеге қиянат жасамау секілді рухани-адамгершілік қасиеттерді баланың бойына үздіксіз дарыту керектігі арқау
"Жекпе-жек" шығармасын оқушылармен талқылау
20
ноябрь
2021
"Жекпе-жек" шығармасын оқушылармен талқылау
Кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекова ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай "Оқуға құштар" жобасы негізінде жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Жекпе-жек" шығармасын лицей оқушыларымен бірге талқылап, оқушылардың кітап оқуға деген құштарлығын арттыру мақсатында іс-шара өткізді.
"Туған елің - Қазақстанды жақсы білесің бе?" атты республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңі
20
ноябрь
2021
"Туған елің - Қазақстанды жақсы білесің бе?" атты республикалық
"Алматы Дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен өткен "Туған елің - Қазақстанды жақсы білесің бе?" атты республикалық балалар оқулары байқауының қалалық кезеңінде мамандандырылған лицейдің 6-сынып оқушысы Мырзабек Баура ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Гүлшира Жүнісбекова
"Тәртіпсіздік қылмысқа апарады" тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді
19
ноябрь
2021
"Тәртіпсіздік қылмысқа апарады" тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді
№178 мамандандырылған лицейде 5-11 сынып оқушыларына "Тәртіпсіздік қылмысқа апарады" тақырыбында ұлдар жиналысы өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру.