Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Адалдық  жүрген  жерде - адамдық  жүреді» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді.
19
январь
2022
«Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» тақырыбында сынып сағаттар
N178 мамандандырылған лицейде 5-11 сынып оқушылары арасында «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Мақсаты: өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.  
"Біз үрейден қалай құтыла аламыз?" тақырыбында  тренинг өткізілді.
18
январь
2022
"Біз үрейден қалай құтыла аламыз?" тақырыбында тренинг өткізілді.
№178 мамандандырылған лицей психологтары Ж.А.Агажанова мен Г.Ж.Жамалова 5-8-сынып оқушыларының бойларындағы үрей мен қорқыныштарын сейілту мақсатында "Біз үрейден қалай құтыла аламыз?" тақырыбында тренинг өткізді.Тренинг барысында қойылған сұрақтарға оқушылар өз пікірлерін білдіріп отырды.
Аттестаттаудан өтетін педагогтар арасында әдістемелік жиын өткізілді.
14
январь
2022
Аттестаттаудан өтетін педагогтар арасында әдістемелік жиын өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде педагог кадрлардың қызметін бағалау және кәсіби құзіреттілік жүйесін арттыру мақсатында ағымдағы жылы аттестаттаудан өтетін педагогтар арасында әдістемелік жиын өткізілді. Соның ішінде, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» 2021 жылғы 12 қарашадағы № 561 бұйрығы таныстырылып, аттестаттау және Ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу
Лицей ұжымы әлеуметтік көмек беру жұмыстарын жалғастыруда.
13
январь
2022
Лицей ұжымы әлеуметтік көмек беру жұмыстарын жалғастыруда.
№178 мамандандырылған лицей ұжымы кешегі өткен қайғылы күндерден кейін құндылықтарымызды бағалай отырып, адамдардың бір-біріне деген жанашырлығы, қамқорлық жасауы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж адамдарға қолдан келгенше аянбай қол ұшын беріп көмектесуі (азық-түлік пакеті) секілді игі шараларды өткізуді жалғастыруда.
"Алматы ТАЗАЛЫҚ" КММ қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді.
12
январь
2022
"Алматы ТАЗАЛЫҚ" КММ қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді.
N178 мамандандырылған лицей ұжымы еліміздің қазіргі жағдайына байланысты "Алматы ТАЗАЛЫҚ" КММ қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсетілді. Атап айтқанда, сүйікті қаламызда күннің суығына қарамастан тазалық жұмыстарын жүргізіп жүрген жұмысшыларға ыстық тағам мен шәй үйлестіріліп берілді.
"Білім беру үдерісінде жүйелі-әрекеттік тәсілді іске асыру" тақырыбында ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді.
04
январь
2022
"Білім беру үдерісінде жүйелі-әрекеттік тәсілді іске асыру"
✅ №178 мамандандырылған лицейде "Білім беру үдерісінде жүйелі-әрекеттік тәсілді іске асыру" тақырыбында ғылыми-әдістемелік кеңес өткізілді. ✅ Кеңес барысында «Аралас формат жағдайында ақпараттық-коммуникативті технологияны тиімді қолдану» тақырыбында информатика пәнінің мұғалімдері, педагог-зерттеушілер М.Нұрмухаметова, Б.Досымова, Л.Бейсенбекова шеберлік сыныптарын көрсетті. Жаңашыл, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтер тәжірибесі оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерін қолданудағы
"Отбасылық жаңа жыл шыршасында" тақырыбында мерекелік  фотоколлаж ұйымдастырылды.
02
январь
2022
"Отбасылық жаңа жыл шыршасында" тақырыбында мерекелік фотоколлаж
№178 мамандандырылған лицейде 5-9 сынып оқушылары арасында "Отбасылық жаңа жыл шыршасында" тақырыбында мерекелік фотоколлаж ұйымдастырылды.
Лицей оқушыларының жаңа жылдық  мерекесіне арналған  құттықтауын қабыл алыңыздар!
31
декабрь
2021
Лицей оқушыларының жаңа жылдық мерекесіне арналған құттықтауын
Жаңа жыл - ең қызықты, асыға күтетін мереке, жаңа жылды барлық бала асыға күтеді, өз арман-тілектерін айтып, бір-бірлеріне барлық адамдар құттықтауларын айтады. Осыған орай біздің №178 мамандандырылған лицей оқушыларының жаңа жылдық мерекесіне арналған құттықтауын қабыл алыңыздар! Жаңа жыл құтты болсын!!! Жаңа бастамалар, жетістіктеріміз көп болғай!!!❄️❄️❄️👏🏻👏🏻👏🏻☃️☃️☃️
"Қолдан жасалған ең үздік сыйлық" атты  балалар қолөнерінен онлайн іс-шара өткізілді.
31
декабрь
2021
"Қолдан жасалған ең үздік сыйлық" атты балалар қолөнерінен онлайн
№178 мамандандырылған лицейде қысқы демалысты тиімді пайдалану мақсатында  5-6  сынап оқушылары арасында "Қолдан жасалған ең үздік сыйлық" атты  балалар қолөнерінен онлайн іс-шара өткізілді.
“Төрлет Жаңа Жыл!” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
29
декабрь
2021
“Төрлет Жаңа Жыл!” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
N178 мамандандырылған лицейде 5-11 сыныптар арасында “Төрлет Жаңа Жыл!” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: оқушылардың интеллектуалды белсенділігін арттыра отырып, бір-бірлеріне деген жылы лебіздерін білдіруге, шаттық, қуаныш сыйлай білуге, жаңа жылда жақсы жағымды игі істер, жаңа бастамалар бастауға баулу.