Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Спорт  - сенің серігің" тақырыбында дөңгелек үстел ретінде іс-шара өткізілді.
31
январь
2022
"Спорт - сенің серігің" тақырыбында дөңгелек үстел ретінде іс-шара
Мамандандырылған лицейдің кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекованың ұйымдастыруымен "Спорт - сенің серігің" тақырыбында дөңгелек үстел ретінде іс-шара өткізілді.
“Ағзалардың қоректену типтерін ажырату” тақырыбында  қашықтан ашық сабақ өткізілді.
31
январь
2022
“Ағзалардың қоректену типтерін ажырату” тақырыбында қашықтан ашық
Лицейімізде Жаратылыстану кафедрасының онкүндігі аясында биология пәнінің мұғалімі Нуртай Мөлдір Бахтыбайқызы 6 “Д” сынып оқушыларымен “Ағзалардың қоректену типтерін ажырату” тақырыбында қашықтан ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылармен топтық жұмыстар жүргізіліп, lerningapps ойыны, қалыптастырушы бағалау, рефлексия, биологиялық диктант т.б. әдіс-тәсілдер қамтылып оқушылардың ойын арқылы пәнге деген қызығушылығы арттырылды. Оқушылармен кері байланыс жасалып, сабаққа белсенді қатысып
«Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
29
январь
2022
«Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері»
Жаратылыстану кафедрасының онкүндігінің аясында №178 мамандандырылған лицейдің химия пәні мұғалімі Тәліп Марал 8 «Ә» сынып оқушыларымен «Химиялық элементтердің табиғи ұяластары және олардың қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында интерактивті ойындар, топтық жұмыстар, қалыптастырушы бағалау, химиялық іс-тәжірибелер жүргізіліп оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары арта түсті. Сабақ өз мақсатына жетіп, қызықты және тартымды өтті.
«Жаратылыстану-география» институтының деканы, г.ғ.д. профессор Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызымен кездесу өтті.
27
январь
2022
«Жаратылыстану-география» институтының деканы, г.ғ.д. профессор
№178 мамандандырылған лицей оқушылары қазіргі заманғы география ғылымының мәселелері саласындағы ғылыми-зерттеумен айналысатын ғалыммен онлайн форматта кездесті. Кездесуге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,«Жаратылыстану-география» институтының деканы, г.ғ.д. профессор Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы қатысты. Күләш Дүйсенбайқызы өз сөзінде, географияның зерттеу саласын физикалық және экономикалық деп қарастырсақ, уақыт өткен сайын географиялық процестердің өзгеруі география
Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының спикері ЖОО туралы ақпаратпен 11-сынып оқушыларына бөлісті.
26
январь
2022
Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының спикері ЖОО туралы ақпаратпен
N178 мамандандырылған лицейде 25 қаңтар күні 11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында Алматы қаласындағы Қазақ бас сәулет құрылыс академиясының спикері ЖОО туралы ақпаратпен бөлісіп, оқу бағдарламалары оның ерекшеліктері мен жеңілдіктері жайында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
"Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамытуда АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары" атты жаратылыстану кафедрасының онкүндігі
25
январь
2022
"Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті
    № 178 мамандандырылған лицейде "Оқушылардың жаратылыстану-ғылыми және оқу сауаттылығын, креативті ойлауын дамытуда АКТ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану жолдары" тақырыбында жаратылыстану кафедрасының онкүндігі өтуде. Онкүндік аясында ұйымдастырылған ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралар, интеллектуалдық ойындар, тәрбиелік шаралар оқушының функционалдық сауаттылығы мен креативті ойлау дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік берері сөзсіз.
“Менің Асыл қасиеттерім” тақырыбы бойынша психологиялық тренинг  өткізілді.
22
январь
2022
“Менің Асыл қасиеттерім” тақырыбы бойынша психологиялық тренинг
№178 мамандандырылған лицейдің психологтары Агажанова Жанна, Жамалова Гаухар “Менің Асыл қасиеттерім” тақырыбы бойынша психологиялық тренинг өткізді. Тренинг барысында оқушылар психологиялық ойын жаттығуларын орындады. “Қадір – қасиет” жаттығуында қатысушылар туралы ақпарат алды, топ ішінде жағымды атмосфера құрылды, өздерінің мінез қасиеттерін танып білді. Тренинг соңында оқушылар алған әсерлері бойынша бір-бірлерімен ой бөлісіп, жылы тілектерін айтып өтті.
"Кибербуллинг деген не?" тақырыбында  тренинг өткізілді.
21
январь
2022
"Кибербуллинг деген не?" тақырыбында тренинг өткізілді.
№178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумовтың ұйымдастыруымен лицей психологтары Ж.А.Агажанова мен Г.Ж.Жамалова жас полиция көмекшілеріне "Кибербуллинг деген не?" тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: кибербуллинг туралы мәлімет беру, кибербуллингке тап болу белгілері және оның салдары, көрсетілетін көмектер туралы түсінік беру.
«Үміт, сенім бізді алға жетелейді!» тақырыбында психологиялық аутотренинг жүргізілді.
19
январь
2022
«Үміт, сенім бізді алға жетелейді!» тақырыбында психологиялық
Өзі туралы ойын дамыту, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру мақсатында «Үміт, сенім бізді алға жетелейді!» тақырыбында №178 мамандандырылған лицей психологтары Ж.А. Агажанова мен Г.Ж. Жамалова 11-сынып оқушыларымен психологиялық аутотренинг жүргізді. Тренинг барысында ҰБТ-ға баратын оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттырып, ҰБТ-ға деген жағымсыз ойлардан, қорқыныш-үрейден арылтып, жағымды эмоциялық көңіл күй тудыруға жағдай жасалынды.