Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Әскери сала - абыройлы іс!
30
январь
2026
Әскери сала - абыройлы іс!
Лицейімізде Мақан Есболатов атындағы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің академиясының мамандарының қатысуымен кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Шараға 10–11-сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында академия өкілдері құқық қорғау саласындағы мамандықтардың маңыздылығы, полиция қызметкерінің жауапкершілігі, сондай-ақ академияға оқуға түсу шарттары мен оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы кеңінен ақпарат берді. Оқушылар мамандарға көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар
Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет!
29
январь
2026
Құқықбұзушылықтың алдын алу – ортақ міндет!
Лицейімізде Алатау аудандық полиция бөлімі аға жедел уәкіл, полиция майоры Оралов Асқар және жедел уәкіл, аға лейтенант Жақсылықов Нұржанның қатысуымен 9–11 сынып оқушыларына арналған түсіндіру кездесуі өтті. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және әрбір оқушының жеке жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттар айтылды. Заңды білу – қауіпсіз болашақтың кепілі! 
Рухани кездесу – жүрекке жол тапқан әңгіме
28
январь
2026
Рухани кездесу – жүрекке жол тапқан әңгіме
Лицейімізде 8-сынып оқушыларымен балалар ақыны, жазушы-журналист, аудармашы Саят Қамшыгермен мазмұнды әрі тағылымы мол кездесу өтті. Кездесу барысында қонағымыз бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың маңызы, отбасы тәрбиесінің құндылығы жөнінде ой қозғап, өмірден алынған әсерлі мысалдарымен бөлісті. Сондай-ақ өзі аударған «Тастамашы ана» кітабының мазмұны мен негізгі идеясы туралы кеңінен әңгімелеп, оқушыларға терең ой салды. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың рухани дамуына, адамгершілік
«Ғылым көкжиегі» тақырыбында ғалымдармен кездесу
23
январь
2026
«Ғылым көкжиегі» тақырыбында ғалымдармен кездесу
Физика–информатика кафедрасының «Физика – табиғат сыры, информатика – заман тілі» атты онкүндігі аясында «Ғылым көкжиегі» тақырыбында ғалымдармен кездесу өтті. Кездесуге физика-математика ғылымдарының докторы, ҰҒА корреспондент-мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Абишев Медеу Ержанұлы және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғарыштық технологиялар орталығының аға ғылыми қызметкері Бейсен Әсет Нұрболұлы қатысты. Шара барысында лицей оқушылары ғалымдарға ғылымға қатысты өз сұрақтарын қойып, құнды
«Адал азамат» – заң мен тәртіпке негізделген ұрпақ тәрбиесі
22
январь
2026
«Адал азамат» – заң мен тәртіпке негізделген ұрпақ тәрбиесі
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында қаңтар айының «Заң және тәртіп» құндылығын оқушыларға кеңінен ұғындыру мақсатында мектебімізде маңызды кездесу өтті. Кездесуге мектеп инспекторы Жампеийсова Л.К. қатысып, оқушылармен ашық форматта әңгіме жүргізді. Іс-шара барысында заң баптары, оқушының құқықтары мен міндеттері, тәртіп сақтаудың маңызы, сондай-ақ жауапкершілік туралы кеңінен түсіндірілді. Мұндай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттырып, заңды
Құрметке негізделген орта–қауіпсіз балалық шақ!
21
январь
2026
Құрметке негізделген орта–қауіпсіз балалық шақ!
Досболlike бағдарламасы аясында өткен тәрбие сағатында нақты өмірлік кейстар талданып, буллингтің салдары мен одан шығу жолдары бірге қарастырылды. Оқушылар бір-бірін тыңдап, түсінуді, құрмет пен қолдаудың маңызын сезінді.Буллингке–жол жоқ!
Дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кепілі!
19
январь
2026
Дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кепілі!
Лицейдің педагог-кәсіби бағдар беруші Тілеужан Әбілқайыр биыл орта білімді аяқтайтын 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығы, өз қабілеті мен қызығушылығын дұрыс бағалау, болашаққа саналы қадам жасау туралы кеңестер берілді. Мұндай жұмыстар оқушылардың дұрыс бағыт таңдауына ықпал етеді.  Дұрыс таңдау – жарқын болашақтың кепілі!
«Физика – табиғат сыры, информатика – заман тілі» онкүндігінің ашылуы
19
январь
2026
«Физика – табиғат сыры, информатика – заман тілі» онкүндігінің ашылуы
Ғылым мен технология қарыштап дамыған қазіргі заманда физика мен информатиканың маңызы ерекше. Осыған орай №178 мамандандырылған лицейде физика–информатика кафедрасының ұйымдастыруымен «Физика – табиғат сыры, информатика – заман тілі» атты пәндік онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Онкүндік 19–29 қаңтар аралығында өтеді. Бұл кезең – ғылымға деген қызығушылықты арттырып, жаңашыл ой мен шығармашылықты дамытуға бағытталған маңызды іс-шаралар легі. Физика – табиғат құбылыстарының заңдылықтарын
«Жаңа ұрпақ және отбасы тәрбиесі: жаңа талаптар, жаңа көзқарас» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы
16
январь
2026
«Жаңа ұрпақ және отбасы тәрбиесі: жаңа талаптар, жаңа көзқарас»
Лицейімізде «Жаңа ұрпақ және отбасы тәрбиесі: жаңа талаптар, жаңа көзқарас» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты – қазіргі қоғам жағдайында бала тәрбиесіндегі отбасының маңызын айқындау, ата-ана мен лицей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту және білім алушылардың тұлғалық дамуына ықпал ететін өзекті мәселелерді талқылау болды. Жиналыс барысында психология ғылымдарының докторы Жасұлан Сейткалиев сөз сөйлеп, қазіргі қоғамдағы бала тәрбиесінің
«Спорт - денсаулық кепілі» турнирі
05
январь
2026
«Спорт - денсаулық кепілі» турнирі
Лицейімізде 6-сынып оқушылары арасында волейболдан «Спорт - денсаулық кепілі» тақырыбында "Директор кубогы - ІІ" дәстүрлі турнирі өткізілді. Өзара тартысты бәсекеде 6 «А» сыныбы чемпион атанса, 6 «В» сыныбы ІІ, 6 «А» сыныбы ІІІ  орын иегері атанды. Сондай-ақ   үздік ойын өрнегін көрсеткен оқушыларға арнайы номинациялармен марапатталды.
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 184 Вперед