Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Лицейде "Smart бала" жобасының жұмысы жандануда
20
март
2025
Лицейде "Smart бала" жобасының жұмысы жандануда
«Smart бала» жобасы аясында 5-9-сынып оқушыларынан құралған каманда арасынды робототехникадан сайыс өтті. Шарнаның негізгі мақсаты: қатысушылардың техникалық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, инновациялық шешімдерді іздеу, инженерлік ойлау мен мәселелерді шешу дағдыларын жетілдіру. Бұл шара жастарды ғылым мен техниканы тереңірек зерттеуге, жаңа технологиялар мен инженерлік идеяларға қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.        
19 наурыз – жаңару күні
19
март
2025
19 наурыз – жаңару күні
«Наурызнама» онкүндігі күнтізбесі бойынша, 19 наурыз – «Жаңару күні». Бұл күн табиғаттың оянып, жаңаруын білдіреді. Табиғатты аялау – әрбір адамның борышы. Осыған орай, лицейімізде «Бір отбасы – бір ағаш» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акцияға 5 "А" сыныбының оқушылары мен ата-аналары қолдау көрсетіп, лицей ауласына ағаштар отырғызды.
Лицей оқушылары  – «ҚОЖА: ЖАҢА САЯХАТ» фильмінде
19
март
2025
Лицей оқушылары – «ҚОЖА: ЖАҢА САЯХАТ» фильмінде
№178 мамандандырылған лицей оқушылары «ҚОЖА: ЖАҢА САЯХАТ» фильмін көріп, көркем өнердегі құндылықты кино әлемі арқылы тамашалап қайтты. Кино – естелік, кино – тарих , кино – өнер. Фильмнің қайта жанданған классикалық үлгісін көру – ерекше сезім, ерекше сағыныш. Бүгінгі жас ұрпақтың талғамынан шығатын, жаңа үлгідегі аталмыш киноны көру челленджін Алматы қаласы Алатау ауданындағы №201 мектеп-гимназиясына жолдады.
Тәрбие бастауы – салт-дәстүрде
18
март
2025
Тәрбие бастауы – салт-дәстүрде
Қазақ мәдениеті – қазіргі қоғамды ортақ құндылықтар аясына топтастырып, халқымызды біріктіретін діңгегіміз. Бұл ата-бабаларымыздың рухани және мәдени тыныс-тіршілігін толық сезінуге мүмкіндік береді. Осыған орай, лицей оқушылары мен ұстаздары ұлттық салт-дәстүр туралы сахналық қойылымдар қойды.
Лицей оқушылары білім додасының жүлдегерлерін зор құрметпен қарсы алды
17
март
2025
Лицей оқушылары білім додасының жүлдегерлерін зор құрметпен қарсы алды
ХV Халықаралық Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалары конкурсының қола медаль иегерлері Амитбек Айбын мен Рыскелді Аяжанды лицей оқушылары сән-салтанатпен қарсы алды. Салтанатты шараға лицей әкімшілігі, жетекші мұғалімдер мен белсенді оқушылар қатысты. Сыныптастары өздерінің шашуын шашып, гүл шоқтарын ұсынды. Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы ғылыми жоба жүлдегерлеріне алғыс білдіріп, ақ батасын берді. Ұстаздар мен оқушылар жүлдегерлерге зор құрмет және
ХАБАРЛАНДЫРУ!
17
март
2025
ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті, ата-аналар мен 11-сынып оқушылары! Жоғары оқу орындарының ішкі гранты аясында өтетін олимпиадаға қатысып, өзіңнің білім деңгейің мен шығармашылық қабілеттеріңді сынап көр. Бұл – бағытталған тамаша мүмкіндік!
Үздік ұйыммен – үздік серіктестік
17
март
2025
Үздік ұйыммен – үздік серіктестік
"Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен "Дарынды балаларға – талантты ұстаз" республикалық педагогикалық олимпиадасында лицей басшысы Шадиев Кайратбек Хамзаханович қазылар алқасының төрағасы ретінде жас ұстаздарға жылы лебізін білдірді. Кайратбек Хамзаханович қатысушыларға өзінің білім жолындағы тәжірибесімен бөлісе отырып, жан-жақты бағыт-бағдар берді. Ұстаздық жолды жүрекпен сүю арқылы шәкірттердің жүрегіне жол таба білу керектігін алға тартты. Мұндай
“Дарынды балаларға  – талантты ұстаз" атты республикалық педагогикалық олимпиадасы
17
март
2025
“Дарынды балаларға – талантты ұстаз" атты республикалық
“Дарын” республикалық практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен “Дарынды балаларға  – талантты ұстаз” республикалық педагогикалық олимпиадасының марапаттау рәсімінде, республика төңірегінен жиналған жас мамандарға лицейіміздің дарынды оқушылары мен талантты ұстаздары өз өнерлерін көрсетіп, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдау жалғасуда
17
март
2025
Мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдау
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025-2026 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады. Негіздеме: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы. Алматы қаласы Алатау
Су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың терезеден құлауының алдын алу.
17
март
2025
Су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және
"Су айдындарындағы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың терезеден құлауының алдын алу" тақырыбында лицей ата-аналарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.