Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицей оқушылары білім додасының жүлдегерлерін зор құрметпен қарсы алды
17
март
2025

Лицей оқушылары білім додасының жүлдегерлерін зор құрметпен қарсы алды

ХV Халықаралық Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалары конкурсының қола медаль иегерлері Амитбек Айбын мен Рыскелді Аяжанды лицей оқушылары сән-салтанатпен қарсы алды. Салтанатты шараға лицей әкімшілігі, жетекші мұғалімдер мен белсенді оқушылар қатысты. Сыныптастары өздерінің шашуын шашып, гүл шоқтарын ұсынды. Лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы ғылыми жоба жүлдегерлеріне алғыс білдіріп, ақ батасын берді. Ұстаздар мен оқушылар жүлдегерлерге зор құрмет және ыстық ықыластарын білдірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: