Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Тартылыс заңы немесе сиқырлы магнит»
21
январь
2020
«Тартылыс заңы немесе сиқырлы магнит»
   21.01.2020 ж лицейіміздің 6-сынып оқушыларымен «Тартылыс заңы немесе сиқырлы магнит» тақырыбында тренинг жаттығулар жүргізілді. Тренинг барысында «Менің ерке есімім», «Жиырма «Мен», «Жақсы ма, жаман ба?», «Комплимент», «Күн нұрындағы менің суретім», «Өзіме хат» тақырыптарында түрлі жаттығулар жүргізілді.    Мақсаты: өзінің тұлғалық қасиеттерін бағалауға, өзін-өзі сыни көзбен түзеуге үйрету.    Міндеттері: тұлғаның өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле білуге жағдай жасау, өзін-өзі түсінуге
Лицей мұғалімдері мен оқушылары «Ең үздік Бизнес идея-2019» байқауының арнайы мадақтамаларына ие болды
20
январь
2020
Лицей мұғалімдері мен оқушылары «Ең үздік Бизнес идея-2019»
   Алматы қаласы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткізілген «Ең үздік Бизнес идея-2019» байқауының жеңімпазы Бақыт Марат  «Globus»  жобасынан ІІ орын жеңіп алды. Сонымен қатар байқауға қатысқаны үшін Кәкібай Асанбай, Талғатов Темірлан, Сатыбалды Нұрболат, Байғалиев Әсет, Құмарбек Әйгерім, Алимғазы Рания және жоба кураторы Кутумов Берік арнайы мадақтамалармен марапатталды.    Сондай-ақ байқауға қатысқаны үшін лицейімізге де арнайы мадақтама берілді.
«Ел жастары» клубының жеңімпаздары лицей директорының қабылдауында
19
январь
2020
«Ел жастары» клубының жеңімпаздары лицей директорының қабылдауында
    Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша өткен Қазақ және Әлем классигі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мен және менің ұйымым» атты сайысынан «Бас Жүлде» иегерлері атанған оқушыларымызды лицей директоры Қайратбек Хамзаханұлы қабылдап, айтулы жеңістерімен құттықтады.   Оқушыларымызға алдағы уақытта аудан, қала, республика көлемінде өтетін сайыстарда лицей намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырына көтеріліп, тек бірыңғай жетістіктерге жете беріңіздер деп, өзінің жылы лебізін білдірді.   
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
18
январь
2020
Кәсіптік бағдар беру жұмысы
   №178 лицейде кәсіптік бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде лицей әкімшіліктерімен келісе отырып жыл бойы жүргізіліп келеді.    Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
«Ел жастары» клубының белсенді оқушылары аудан сайысынан «Бас Жүлде» иегері атанды
18
январь
2020
«Ел жастары» клубының белсенді оқушылары аудан сайысынан «Бас Жүлде»
     «Ел жастары» клубының белсенді оқушылары №149 мектебінде Қазақ және Әлем классигі Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Мен және менің ұйымым» атты сайысынан «Бас Жүлде» иегері атанды.       Оқушыларымыз ІІ турдан тұратын сайыста мүдірмей, таныстырумен бастап, Абайдың 18 қара сөзіне көрініс қойды.      Осы уақытқа дейін аудан көлемінде өткен сайыстарда, І-ІІ тоқсан аралығында 9-10 сынып оқушылары бастап берген дара жолды, 7-8 сынып оқушылары жаңа ІІІ тоқсанда әдемі жалғастыра білді.    
«Адалдық сағаттары» бірыңғай республикалық акциясы
17
январь
2020
«Адалдық сағаттары» бірыңғай республикалық акциясы
    2020 жылдың 17 қаңтар күні  «Адалдық сағаттары» бірыңғай республикалық акциясы бойынша №178 лицейде «Адалдық - ардың ісі» тақырыбында 7-11 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді. Акцияға 1409 оқушы қамтылды, сонымен қатар Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Сатаев Санат Акылжановичтің қатысуымен 8,9,10 сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды. 
"Бала тәрбиесі - отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі" тақырыбында  жалпы ата-аналар жиналысы
17
январь
2020
"Бала тәрбиесі - отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі" тақырыбында
   2020 жылдың 16,17 қаңтар күндері №178 лицейде "Бала тәрбиесі - отбасы мен мектептің ажырамас бөлшегі" тақырыбында жалпы  ата-аналар жиналысы өтті.     Ата-аналар жиналысының көздеген басты мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру; Отбасы мүшелерінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым-қатынасты қалыптастыру;  Баланың өмірінің қауіпсіздігі туралы, жол және өмір қауіпсіздігі туралы, діни теріс ағымдарға алданбаудың алдын алу бойынша
Лицейіміздің мұғалімдері І және ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды
17
январь
2020
Лицейіміздің мұғалімдері І және ІІІ дәрежелі дипломдарымен
   Лицейіміздің мұғалімдері Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» сайысына қатысып,  жүлделі орындарға ие болды.    Биология пәнінің мұғалімі Айдарова Айдана І дәрежелі дипломмен,  физика пәнінің мұғалімі Жумағулова Сағила және көркем еңбек пәнінің мұғалімі Кутумов Берік ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.    Марапаттарыңыз құтты  болсын, құрметті де, қадірлі ұстаздар!
Жеткіншек жастағы балалардың тұлғалануын қалыптастыру және жетілдірудің кешенді психологиялық бағдарламасы
16
январь
2020
Жеткіншек жастағы балалардың тұлғалануын қалыптастыру және
Мақсаты: Оқушылардың депрессиялық, агрессивтік, мазасыздық жағдайының алдын алу. Міндеттері: Ұжымдық ортада оқушының өзіндік бағасын қалыптастыру; Оқушылардың депрессивті жағдайды туындатушы факторлар туралы сауаттарын ашу. Отбасылық, қоғамдық және ұжымдық қатынас мәдениетіне бейімделуіне қолдау көрсету; Өз өміріне жауапкершілік ала білуге үйрету; Мінез-құлықтағы ішкі кедергілері (сенімсіздік, ұяңдық, батылсыздық т.б) жеңе алуға қолдау жасау; Оқу үлгерім, құқықтық сауаттылық, этикалық қатынасты