21
январь
2020
«Тартылыс заңы немесе сиқырлы магнит»
21.01.2020 ж лицейіміздің 6-сынып оқушыларымен «Тартылыс заңы немесе сиқырлы магнит» тақырыбында тренинг жаттығулар жүргізілді. Тренинг барысында «Менің ерке есімім», «Жиырма «Мен», «Жақсы ма, жаман ба?», «Комплимент», «Күн нұрындағы менің суретім», «Өзіме хат» тақырыптарында түрлі жаттығулар жүргізілді.
Мақсаты: өзінің тұлғалық қасиеттерін бағалауға, өзін-өзі сыни көзбен түзеуге үйрету.
Міндеттері: тұлғаның өзінің ішкі жан дүниесіне үңіле білуге жағдай жасау, өзін-өзі түсінуге көмектесу; өзінің
Тренинг ережесі:
• Ойымызды ашық айтамыз;
• Бір-бірімізді тыңдаймыз;
• Бір-бірлеп сөйлейміз;
• Белсенді қатысамыз;
• Бір-бірімізге сый көрсетеміз.
Кері байланыс: Тренинг қатысушылардың бәріне ұнады, қатысушылар тренинг туралы өз пікірлерін білдіріп, жақсы көңіл-күйде болды.