Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбында ашық есік күні
04
март
2026
«Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбында ашық есік күні
2026 жылғы 4 наурыз күні лицейімізде «Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбында Ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды балаларының білімі мен үлгерімімен таныстыру, оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктерін көрсету және лицей жетістіктерін насихаттау болды. Ашық есік күні барысында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, балаларының оқу жетістіктері туралы толық ақпарат алып, алдағы оқу мақсаттары мен міндеттері жөнінде пікір алмасты.
Кәсіби бағдар беру – болашаққа бағыт
04
март
2026
Кәсіби бағдар беру – болашаққа бағыт
Қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі – Қазақ көлік қатынастары университеті мамандары лицейге келіп, кәсіби бағдар беру мақсатында оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандар университеттің білім беру бағдарламалары, мамандық түрлері және оқуға түсу талаптары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдау туралы пайдалы ақпарат алды.