Көрісу – амандықтың, бірліктің белгісі!
Лицейімізде ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін Көрісу – Амал мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Бұл игі шараны 9-сынып оқушылары жоғары деңгейде ұйымдастырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Оқушылар қазақ халқының ежелден келе жатқан көрісу дәстүрінің мән-маңызын сахналық көріністер, ұлттық нақыштағы қойылымдар арқылы әсерлі жеткізе білді. Ізгі тілектер айтылып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілген бұл мереке барша қауымға жылулық пен қуаныш сыйлады. Ұлттық