Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Көрісу – амандықтың, бірліктің белгісі!
16
март
2026

Көрісу – амандықтың, бірліктің белгісі!

Лицейімізде ұлттық дәстүрімізді дәріптейтін Көрісу – Амал мерекесі ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Бұл игі шараны 9-сынып оқушылары жоғары деңгейде ұйымдастырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Оқушылар қазақ халқының ежелден келе жатқан көрісу дәстүрінің мән-маңызын сахналық көріністер, ұлттық нақыштағы қойылымдар арқылы әсерлі жеткізе білді. Ізгі тілектер айтылып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілген бұл мереке барша қауымға жылулық пен қуаныш сыйлады.
Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, салт-дәстүрімізді жаңғыртуға үлес қосқан 9-сынып оқушыларына және ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз!
Береке мен бірліктің бастауы болған Амал мерекесі әр шаңыраққа амандық, молшылық, шаттық әкелсін! 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: