21
март
2025
Наурыз мерекесі: Алматыда көктемнің жаңа үміті мен бірліктің белгісі
Наурыз мейрамы – табиғаттың жаңаруы мен жаңа өмірдің бастауы. Бұл күні тек көктемнің өзі ғана емес, адамдардың жүрегінде де жаңа үміттер орын алады. Алматы қаласы, Алатау ауданында өткен Наурыз мерекесі дәл осы жаңару мен бірліктің, татулықтың үлгісін көрсетіп, қонақтарға ерекше көңіл-күй сыйлады. Мереке жоғары деңгейде өтті. Ұлттық ойындар мен салт-дәстүрлеріміз, құндылықтарымыз қала тұрғындарын ерекше әсерге бөледі. Наурыз мейрамы біздің жүрегімізде әрдайым жаңарып, гүлдене берсін!