Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Наурыз айындағы ҰБТ нәтижелері — жоғары жетістіктер
26
март
2026
Наурыз айындағы ҰБТ нәтижелері — жоғары жетістіктер
2026 жылғы Наурыз айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесінде Бектұрған Ерасыл – 129 балл, Калибаева Сабина – 127 балл, Бейсенов Ақниет – 121 балл, Нұрзатқызы Шуақ – 120 балл, Серікхан Мөлдір – 120 балл жинады. Бұл көрсеткіштер оқушыларымыздың тыңғылықты дайындығы мен қажырлы еңбегінің жемісті нәтижесін айқын көрсетеді. Барлық білім алушыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы мамыр айында өтетін ҰБТ-да сәттілік пен бұдан да жоғары нәтижелерге жетулеріне тілектестік білдіреміз!
ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
26
март
2026
ҚУАНЫШТЫ ЖАҢАЛЫҚ!
2026 жылдың 21–25 наурыз аралығында Астана қаласында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы биология және физика пәндері бойынша республикалық олимпиадада Алматы қаласының намысын қорғаған лицейіміздің 9-сынып оқушысы Құсайынғазы Абзал жоғары нәтиже көрсетті! Физика пәні бойынша III орын — қола медаль иегері! Абзалдың бұл жетістігі — табандылықтың, білімге деген құштарлықтың және ұстаздар еңбегінің жемісі. Осындай биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата беруіне тілектеспіз!
«Білім берудегі заманауи зерттеулер: теория, практика, нәтижелер»
26
март
2026
«Білім берудегі заманауи зерттеулер: теория, практика, нәтижелер»
 2026 жылғы 26 наурыз күні лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамхзахановичтің басшылығымен  білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдерді талқылауға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған №4 Әдістемелік кеңес өткізілді.  Кеңес жұмысына педагогтер белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.  Күн тәртібінде: Кеңес барысында №3 Әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалу барысы туралы оқу ісі жөніндегі орынбасар Жакыпбекова Назира Алмаханқызы  мен жауапты