Жаңару күні аясында мектебімізде игі шаралар ұйымдастырылды
Жаңару күні аясында мектебімізде игі шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, ағаш егу және мектеп ауласын тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл бастамаларға мұғалімдер белсенді түрде қатысып, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты. Осындай шаралар арқылы бірлігіміз нығайып, туған жерге деген жанашырлығымыз арта түседі.