10-сыныптар арасында интеллектуалды БАТЛ өтті!
Жаратылыстану кафедрасының Онкүндік іс-шарасы аясында биология, химия пәнінің мұғалімдері: Б.А. Бастерова, М.Т. Алипова, Н.Бақытжанның ұйымдастыруымен 10-сыныптар арасында интеллектуалды БАТЛ өтті! Ғылым алаңында екі алып кездесті: Молекула – химияның жүрегі Жасуша – тіршіліктің негізі Бұл жай ғана сайыс емес, Бұл – Химия мен Биология пәндерінің тоғысқан сәті! Мақсаты: Оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, пәнаралық байланысты нығайту және білімдерін шығармашылық форматта көрсету.