Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбындағы ашық есік күні бүгін өз жалғасын тапты
05
март
2026

«Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбындағы ашық есік күні бүгін өз жалғасын тапты

2026 жылдың 5 наурыз күндеріне жоспарланған «Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбындағы ашық есік күні бүгін өз жалғасын тапты. Бүгінгі күн лицейдің 7, 8, 9-сынып оқушыларының ата-аналарына арналды.
Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды балаларының білім деңгейі мен оқу үлгерімімен таныстыру, оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктерін көрсету және лицейдің жетістіктерін насихаттау болды.
Сонымен қатар түрлі бағыттағы үйірмелер мен жобалық жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылып, оқушылар өз жетістіктерін таныстырды.
Іс-шара барысында лицей әкімшілігі мен педагогтер ата-аналардың сұрақтарына жауап беріп, оқу-тәрбие жұмыстары туралы толық ақпарат берді.
Ашық есік күні жылы әрі мазмұнды жағдайда өтіп, оқушылар, ата-аналар және ұстаздар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: