04
март
2026
«Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбында ашық есік күні
2026 жылғы 4 наурыз күні лицейімізде «Сапалы білім – сенімді болашақ» тақырыбында Ашық есік күні өтті. Іс-шараның мақсаты – ата-аналарды балаларының білімі мен үлгерімімен таныстыру, оқу-тәрбие үдерісінің ерекшеліктерін көрсету және лицей жетістіктерін насихаттау болды.
Ашық есік күні барысында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, балаларының оқу жетістіктері туралы толық ақпарат алып, алдағы оқу мақсаттары мен міндеттері жөнінде пікір алмасты.
