16
октябрь
2025
Ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды
2025 жылдың 16 қазанында І тоқсан қорытындысы бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) нәтижелерін таныстыру мақсатында лицейде «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — ата-аналарға оқу үдерісі мен оқушылардың білім деңгейі туралы жан-жақты ақпарат беру, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті нығайту.
Іс-шара барысында ата-аналар: оқушылардың БЖБ нәтижелерімен танысты; мұғалімдермен жеке сөйлесіп, оқу барысы туралы пікір алмасты; «Ашық есік» күні ата-аналардың белсенді қатысуымен өтті. Бұл шара оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда ашықтық пен айқындықты қамтамасыз етіп, ата-анала
рдың оқу процесіне деген қызығушылығын арттырды.
рдың оқу процесіне деген қызығушылығын арттырды.