26
март
2026
«Білім берудегі заманауи зерттеулер: теория, практика, нәтижелер»
2026 жылғы 26 наурыз күні лицей директоры Шадиев Кайратбек Хамхзахановичтің басшылығымен білім беру үдерісіндегі заманауи тәсілдерді талқылауға, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және тәжірибе алмасуға бағытталған №4 Әдістемелік кеңес өткізілді. Кеңес жұмысына педагогтер белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Күн тәртібінде:
Кеңес барысында №3 Әдістемелік кеңес шешімдерінің орындалу барысы туралы оқу ісі жөніндегі орынбасар Жакыпбекова Назира Алмаханқызы мен жауапты мамандардың есптері тыңдалды. Сонымен қатар, кафедра жетекшілері онкүндік іс-шаралар аясында атқарылған жұмыстардың қорытындысын ұсынып, білім сапасын арттырудағы тиімді тәжірибелерімен бөлісті.
Кафедралар жұмысы
Физика-информатика кафедрасы (12–23.01.2026)
Физика-информатика кафедрасының жетекшісі Рақыметхан Памер Онкүндік аясында физика-информатика пәні мұғалімдерінің заманауи цифрлық технологияларды сабақта қолдану тәжірибесімен таныстырды.
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы (03–12.02.2026)
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының жетекшісі Сатбаева Роза Сатановна Онкүндік барысындағы оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға бағытталған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің жұмыстарымен бөлісті.
Жаратылыстану кафедрасы (23.02–06.03.2026)
Жаратылыстану кафедрасының жетекшісі Джумабаева Гульнар Бейсенбековна Онкүндік іс-шарада өткізідген биология, география, химия пәні мұғалімдерінің зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруға арналған әдіс-тәсілдерін ұсынды.
Семинар-коучинг барысында:
Lesson Study тәсілі арқылы білім сапасын арттыруға бағытталған тәжірибелер таныстырылды. Мұғалімдердің бірлескен зерттеу жұмыстарының тиімділігі дәлелденді.
Атап айтқанда, 8 «Ғ» сыныбының сынып жетекшісі және топ жетекшісі Рәшитбекова Назерке Бақытжанқызы өз сыныбындағы зерттеу жұмыстарына талдау жасап, іс-әрекетті зерттеу әдісінің оқушылардың оқу жетістіктеріне оң әсер еткенін көрсетті.
«Үштілділік – заманауи білім беру» тақырыбы аясында үштілді білім берудің маңыздылығы талқыланды. Үштілділікке жауапты маман Бақытжан Нұргүл оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін тілдік орта қалыптастыру қажеттілігін атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі жаһандану жағдайында бірнеше тілді меңгеру – бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудың маңызды факторы екенін айтты.
Практикалық бөлім:
Практикалық бөлімде педагогтерге арналған шеберлік сыныптар ұйымдастырылып, нақты тәжірибелер көрсетілді.
Шеберлік сыныптар барысында тиімді әдіс-тәсілдер ұсынылып, сабақ үдерісін жетілдіру жолдары қарастырылды.
Іс-әрекетті зерттеу (Lesson Study) топтарының жұмыс нәтижелері бойынша лицей тренері Алипова Мира Талгатовна таныстырылым жасап, тәжірибеде қолдану жолдарын көрсетті.
Панельдік сессия
Үштілділікке жауапты оқу ісі жөніндегі орынбасар Н.А. Жакыпбекова биология, физика, химия пәндерін үш тілде жүргізетін мұғалімдер: М.Т. Алипова, Г.Б.Джумабаева, А.Б.Айдарова, С.А.Жумагулова, П. Рақыметхан, Л.К.Бейсенбекова, Б.К.Досымова, М.П.Дуйсенбекованы «Ой бөлісу» алаңына шақырып, шетел тілінің мәдениетаралық коммуникациядағы рөлін талқылады Сонымен қатар, тіл меңгерудің практикалық маңызы туралы пікір алмасты.
Қосымша тәжірибе алмасу
«Сабақта табысқа жетуге жағдай туғызу тәсілдері» тақырыбында тарих ғылымдарының докторанты Сатов Ергали Жангалиевич өз тәжірибесімен бөлісті. Ол оқушылардың оқу мотивациясын арттыру, қолайлы психологиялық орта қалыптастыру және әр оқушының жетістікке жетуіне бағытталған әдістерді ұсынды.
Қорытынды:
Әдістемелік кеңес педагогтердің кәсіби дамуына ықпал етіп, тәжірибе алмасудың тиімді алаңына айналды. Ұсынылған әдіс-тәсілдер мен инновациялық идеялар алдағы уақытта оқу-тәрбие үдерісінде кеңінен қолданылып, білім сапасын арттыруға өз үлесін қосады деп күтілуде.