04
март
2026
Кәсіби бағдар беру – болашаққа бағыт
Қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі – Қазақ көлік қатынастары университеті мамандары лицейге келіп, кәсіби бағдар беру мақсатында оқушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында мамандар университеттің білім беру бағдарламалары, мамандық түрлері және оқуға түсу талаптары туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, болашақ мамандық таңдау туралы пайдалы ақпарат алды.
