Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2025 года » Страница 4
"Дұрыс тамақтануды насихаттау"
08
декабрь
2025
"Дұрыс тамақтануды насихаттау"
08.12.25ж. 6 "А" сыныбында  «Тәттіден бас тартпай-ақ дұрыс тамақтануға бола ма?» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты— тәттіден толық бас тарту емес, оны саналы түрде тұтынуды үйрену. Оқушылар пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратып, тәттіні мөлшермен жеудің маңызын талқылады, дұрыс тамақтану ережелерін құрастырып, тәттіге балама пайдалы тағамдарды ұсынды.                  Топтық жұмыста пайдалы мәзір құрап, тәттінің орнына ұсынуға болатын табиғи өнімдерді атап өтті. Сабақ
Бірлігі жарасқан отбасы – Тәуелсіз елдің тірегі
06
декабрь
2025
Бірлігі жарасқан отбасы – Тәуелсіз елдің тірегі
6 желтоқсанда Тәуелсіздік мерекесіне орай отбасылық спорттық-эстафета өтті.  Әр отбасы бірліктің күші мен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Бұл сайыс — тек спорт қана емес, отбасының жүрегіндегі байланыс пен еліміздің болашағына деген сенімнің көрінісі.  Бірлікте – қуат, бірлікте – Тәуелсіздік!
Ата-әженің ақыл-кеңесі — жас ұрпаққа бағдар
05
декабрь
2025
Ата-әженің ақыл-кеңесі — жас ұрпаққа бағдар
“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, “Даналық мектебі” жобасы бойынша 9-сынып оқушылары арасында тағылымды тәрбие сағаты өтті. Іс-шараның басты мақсаты — оқушылар мен үлкендер арасындағы рухани байланысты нығайту, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-әжелерден қалған даналық сөздер мен өмірлік тәжірибені жас ұрпақтың бойына сіңіру. Тәрбие сағаты барысында оқушылар ата-әжелердің ақыл-кеңестерін тыңдап, өнегелі әңгімелер арқылы адамгершілік, сыйластық, еңбекқорлық сияқты асыл
"Өз ортаңа үлесіңді қос"
05
декабрь
2025
"Өз ортаңа үлесіңді қос"
5 желтоқсан Дүниежүзілік еріктілер күніне орай "Өз ортаңа үлесіңді қос" тақырыбында лицейіміздің дарынды оқушылары 5-сыныптарға математика және тарих пәндері бойынша түсінбеген тақырыптары мен есептерді түсіндіріп, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Әкбар Нұржау Жолдасбайұлы «Үздік авторлық бағдарлама – 2025» байқауының жеңімпазы
05
декабрь
2025
Әкбар Нұржау Жолдасбайұлы «Үздік авторлық бағдарлама – 2025»
Әкпар Нұржау Жолдасбайұлы Алматы қаласында өткен «Үздік авторлық бағдарлама – 2025» республикалық байқауында III дәрежелі дипломымен марапатталды.  Бұл марапат оның кәсіби еңбегінің, шығармашылық ізденісінің және білім саласына қосқан үлесінің жоғары бағаланғанының дәлелі. Әкбар Нұржау Жолдасбайұлы үшін бұл жетістік — жаңа идеяларға шабыт беретін маңызды қадам.  Әрі қарай да шығармашылық табыс пен жаңа жобаларға жол ашық болсын!
Әбдімәжит Қоңырбайұлы Өтеш атындағы олимпиадасы — таланттарды тоғыстыратын дода
05
декабрь
2025
Әбдімәжит Қоңырбайұлы Өтеш атындағы олимпиадасы — таланттарды
2025 жылдың 5 желтоқсанында №178 мамандандырылған лицейде Әбдімажит Қоңырбайұлы Өтеш атындағы математикалық олимпиада өтті.  72 оқушы қатысқан додада:  4 оқушы – 1-орын 6 оқушы – 2-орын  8 оқушы – 3-орын иеленді. Жеңімпаздарды белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері марапаттап, жас математиктерге ерекше шабыт сыйлады. Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Ғылымға апарған жол: Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевпен кездесу
05
декабрь
2025
Ғылымға апарған жол: Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевпен кездесу
Еңбек Ері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаевпен ерекше кездесу өтті. Бұл жүздесу оқушылар үшін ғылымға деген қызығушылықты оятқан, болашаққа бағыт берер ой мен естелікке толы сәт болды. Асқар Серқұлұлы математика ғылымының дамуы, білім мен ғылымға адал ұрпақ тәрбиелеу жолындағы тәжірибесімен бөлісті. Осындай кездесулер жас буынның ғылымға сенімін арттырып, кәсіби бағдарын айқындауға маңызды үлес қосады. Асқар Серқұлұлына лицейде жас ұрпаққа ғылымға
«Өнерлілер алаңы» халықаралық байқауында Гран-при!
04
декабрь
2025
«Өнерлілер алаңы» халықаралық байқауында Гран-при!
«Өнерлілер алаңы» көпжанрлы халықаралық өнер байқауында Ержанұлы Алқар мен Ержанұлы Ерен үздік  көрсетіп, Гран-при жеңіп алды!  Оқушылардың орындауындағы «Поппури» күйі қазылар алқасын тәнті етіп, ең жоғары бағаға ие болды. Бұл жеңіс оларға Дубай қаласына жолдаманы ұтып әперді — үлкен еңбектің, дарынның және табандылықтың нәтижесі. Алқар мен Еренді шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылықтары өрлей берсін, халықаралық сахналарда талай биіктерді бағындыра берсін!