"Абай әлемі" - қазақ әдебиетінің асыл діңгегі
27 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде рухани мазмұны терең, тағылымы мол «Абай күні» атты саяхат- сабағы өткізілді. Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасының мектептермен байланысты нығайтуға бағытталған бұл шара – білім мен парасаттың тоғысқан мерекесі десе болады. Хакім Абайдың 180 жылдық мерейтойы аясында өткен мазмұнды іс-шараға Алматы қаласы, Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің