Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Октябрь 2025 года » Страница 3
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
17
октябрь
2025
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Лицейде тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау жүргізді. Лицейде оқушыларға берілетін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетін оқушылардың тамақтары талапқа сай берілетіндігіне көз жеткізді. Асхана барлық санитарлық талаптарды орындап, оқушылар үшін тиімді жағдай жасалған.
"Жаңа мектеп – жаңа достар!" психологиялық тренинг
17
октябрь
2025
"Жаңа мектеп – жаңа достар!" психологиялық тренинг
5-сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуіне қолдау көрсету мақсатында оқушылармен психологиялық тренинг өткізілді. Тренинг барысында оқушылар өзара қарым-қатынас орнатып, бір-біріне сенім білдіруге бағытталған жаттығулар орындады. Тренинг оқушылардың жаңа ортаға тез бейімделуіне, достық байланыс орнатуына және жағымды эмоционалды ахуал қалыптастыруына ықпал етті.
Ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды
16
октябрь
2025
Ата-аналарға арналған «Ашық есік» күні ұйымдастырылды
2025 жылдың 16 қазанында І тоқсан қорытындысы бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) нәтижелерін таныстыру мақсатында лицейде «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты — ата-аналарға оқу үдерісі мен оқушылардың білім деңгейі туралы жан-жақты ақпарат беру, мектеп пен ата-ана арасындағы серіктестікті нығайту. Іс-шара барысында ата-аналар: оқушылардың БЖБ нәтижелерімен танысты; мұғалімдермен жеке сөйлесіп, оқу барысы туралы пікір алмасты; «Ашық есік» күні ата-аналардың белсенді
"Еңбек" мобильді орталығының маманы кәсіптік бағдар өткізді
16
октябрь
2025
"Еңбек" мобильді орталығының маманы кәсіптік бағдар өткізді
Еңбек мобильді (жылжымалы) орталығы еңбек нарығын зерттеп, барлық сұранысқа ие мамандықтарды зерделеу және болжау бағытында қызмет атқарады. Нарыққа қажетті мамандықтар тізімін жасақтайды. 2025 жылдың 16 қазан күні "Еңбек" мобильді орталығының маманы Жакупова Еркеш Садыковна лицейдің 9-11 сынып оқушыларына мамандық таңдау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар маманға өздерінің көкейінде жұрген сұрақтарын қойып, сол сұрақтарға жауап ала алды.
Ата-аналарға арналған ашық есік күні
15
октябрь
2025
Ата-аналарға арналған ашық есік күні
Құрметті ата-аналар! Сіздерді 2025 жылдың 16 қазан күні өтетін "Ашық есік күніне" шақырамыз. І тоқсан бойынша бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) нәтижелерімен танысып, оқушылардың оқу жетістіктері жайлы толық ақпарат ала аласыз.  Қатысуыңыз – баланың білім жолындағы маңызды қолдау!
«Келешек мектептері» жобасы - №97 мектеп
15
октябрь
2025
«Келешек мектептері» жобасы - №97 мектеп
Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған Алматы қаласындағы №97 мектебімен таныс болыңыздар!