Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Октябрь 2025 года » Страница 2
"Алтын белгіге" үміткерлердің білім сапасын бағалау
23
октябрь
2025
"Алтын белгіге" үміткерлердің білім сапасын бағалау
2025 жылдың 23 қазанында "Алтын белгіге" үміткер оқушылардан қорытынды аттестаттауға дайындық деңгейін анықтау мақсатында математика пәнінен бақылау жұмыстары алынды. Бақылау жұмысына барлық үміткерлер белсене қатысып, өз білімдерін көрсетуге тырысты. Нәтижелер оқушылардың оқу жетістіктерін саралауға және алдағы емтиханға дайындықтарын жетілдіруге мүмкіндік берді.
«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел» тақырыбында мерекелік әдеби-сазды кеш
23
октябрь
2025
«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел» тақырыбында мерекелік
Бүгін лицейімізде Республика күніне орай«Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел» тақырыбында мерекелік әдеби-сазды кеш өтті. Іс-шараны лицейдің 10-сынып оқушылары жоғары деңгейде ұйымдастырып, еліміздің тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарын арқау еткен әсерлі көріністер мен патриоттық өлең-жырлар орындады. Кеш барысында оқушылар Қазақстанның қалыптасу кезеңдері мен еліміздің болашағына деген сенім мен мақтаныш сезімін көрермендерге жеткізе білді. Мерекелік шара – оқушылардың отансүйгіштік рухын
«Ayaly Alaqan – VIII» Республикалық қайырымдылық турнирі
23
октябрь
2025
«Ayaly Alaqan – VIII» Республикалық қайырымдылық турнирі
Satbayev University «Technokrat» Интеллектуалды Пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен өткен «Ayaly Alaqan – VIII» Республикалық қайырымдылық турнирінде Зақанов Нұрдәулет "Ең үздік спикер" номинациясымен марапатталды. Бұл – Нұрдәулеттің шешендік шеберлігі мен ой ұшқырлығының дәлелі. Жетістігің құтты болсын, жаңа белестерге жол ашсын!  
Кітап – рухани қазына, кітапханашы – оның шырақшысы
22
октябрь
2025
Кітап – рухани қазына, кітапханашы – оның шырақшысы
Кітапханашылар күніне орай «Балалар кітапханасы» жобасы аясында лицейде «Кітапханаға кітап сыйла» атты акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – жас ұрпақты кітап оқуға баулу, кітапхана қорын толықтыру, сонымен қатар кітапханашы мамандығының қоғамдағы маңызын насихаттау болды. Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар өздерінің сүйікті көркем әдебиеттерін, балаларға арналған танымдық кітаптарды тарту етіп, білім ордасының рухани қорына үлес қосты. Бұл бастама – тек кітап қорын байыту ғана емес,
«Арман қанатындағы Қазақстаным» сурет байқауы
21
октябрь
2025
«Арман қанатындағы Қазақстаным» сурет байқауы
Республика күніне орай лицейімізде 5-6-сынып оқушылары арасында “Арман қанатындағы Қазақстаным” тақырыбында сурет байқауы өтті. Жас суретшілердің қиялы мен жүрегіндегі Отан туралы сезімді бояу мен қылқалам арқылы жеткізген жарқын өнер мерекесіне айналды. Оқушылар өз арманындағы Қазақстанды бейнелеп, елдің болашағын – бейбіт, гүлденген, жаңашыл мемлекет ретінде сурет бетіне түсірді. Бірі биікке самғаған қыран арқылы Тәуелсіздікті бейнелесе, енді бірі бірлік пен татулықты ту еткен елді көркем
Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!
20
октябрь
2025
Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!
Республика күніне орай мектебімізде 10-сынып оқушыларының ұйымдастыруымен мазмұнды ашық сынып сағаты өтті. Бұл шараның мақсаты — оқушылардың отансүйгіштік сезімін арттыру, еліміздің тарихы мен Тәуелсіздікке жету жолындағы маңызды оқиғалар туралы білімдерін тереңдету. Сынып сағаттарында оқушылар патриоттық әндер шырқап, көріністер қойып, баяндамалар оқыды. Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар жас ұрпақтың жүрегіне елжандылық пен мақтаныш сезімін ұялатары сөзсіз!
Адам денсаулығына пайдалы тағамдар
20
октябрь
2025
Адам денсаулығына пайдалы тағамдар
Адам денсаулығына пайдалы тағамдар      Күзгі мезгілде тамақтану - иммунитетті нығайтуға, дәрумендер мен минералды элементтердің қорын жинауға бағытталуы керек. Оларды маусымдық көкөністер мен жемістердің арқасында толтырған дұрыс.   Денсаулық мықты болу үшін пайдалы тағамдармен тамақтану керек. Пайдалы тағамдар кешенді және арнайы деп бөлінеді. Бұл жолы назарларыңызға әр ағзаға өзінше пайдалы болатын тағам түрлерін ұсынамыз.    Миға: Арқан балық, тунец, сардина мен грек жаңғағы.    Бұлшық