Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Денсаулық - зор байлық!" атты таңғы жаттығу
30
сентябрь
2025
"Денсаулық - зор байлық!" атты таңғы жаттығу
№178 мамандандырылған лицейде оқушылар мен дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің қатысуымен таңғы жаттығу ұйымдастырылды. Бұл іс-шара салауатты өмір салтын насихаттау және денсаулықты нығайту мақсатында өткізілді. Спорт жетекшілері арнайы жаттығу бағдарламасын әзірлеп, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұндай шаралар балалардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, оларды тәртіпке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.Мұндай шаралар лицейде алдағы уақытта да жалғасын таппақ. 
Лицей оқушылары "Мамандықтар жәрмеңкесіне" қатысты
30
сентябрь
2025
Лицей оқушылары "Мамандықтар жәрмеңкесіне" қатысты
"Alatau Creative Hub" орталығы мен №178 мамандандырылған лицейдің ұйымдастыруымен Жұмысшылар жылына орай "Мамандықтар жәрмеңкесі" көрмесі ұйымдастырылды.
“Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбында сынып сағаты
29
сентябрь
2025
“Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі” тақырыбында сынып сағаты
Бүгін 9-11 сыныптар арасында "Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі" атты сынып сағаты өтті. Адам денсаулығының негізі — дұрыс тамақтану. Дұрыс таңдалған тағамдар ағзаға қажетті дәрумендер мен минералдарды беріп, иммунитетті күшейтеді, түрлі аурулардың алдын алады. Күнделікті ас мәзірінде көкөністер, жеміс-жидектер, ақуызға бай тағамдар мен жеткілікті мөлшерде су болуы керек. Сонымен қатар, майлы, тәтті және тұзды тағамдарды азайту — ұзақ әрі салауатты өмір сүрудің бір жолы. Сондықтан дұрыс
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
29
сентябрь
2025
Лицейдің тамақтану сапасына мониторинг жүргізу комиссиясы бақылау
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу нәтижесі бойынша: Оқушыларға берілетін тағамдар қолданыстағы талаптарға сай екені анықталды; Ас мәзірі санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес келеді; Асхана қызметкерлері барлық санитарлық талаптарды сақтап, оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілікпен жұмыс атқаруда; Тағамдар уақтылы және жеткілікті мөлшерде берілуде.  Тексеру қорытындысы: Комиссия мүшелері тарапынан ешқандай кемшіліктер анықталған жоқ. Асхананың жұмысы талапқа сай деп
«Отбасы – ұрпаққа ұлағат, бірлік – жеңіске бастар жол!»
28
сентябрь
2025
«Отбасы – ұрпаққа ұлағат, бірлік – жеңіске бастар жол!»
28 қыркүйек күні №178 мамандандырылған лицейінде Отбасы күніне арналған ерекше шара – ата-аналар арасында волейбол турнирі өтті. Бұл шара – тек спорттық жарыс емес, отбасы мен мектеп арасындағы алтын көпірді нығайтатын, ұйымшылдық пен тәрбиенің жарқын көрінісіне айналған күн болды. 
“Табиғатқа бір қадам — жүрекке мың әсер!”
28
сентябрь
2025
“Табиғатқа бір қадам — жүрекке мың әсер!”
№178 мамандандырылған лицейінің 7 «В» сынып оқушылары мен ата-аналары керемет күнді табиғат аясында өткізіп, таза ауада демалып, таудың тылсым тынысын бірге сезінді. Сынып жетекшісі — Слямғалиева Гүлнар Нәбиевнаның бастамасымен ұйымдастырылған бұл серуен жай ғана демалыс емес, жан дүниені жаңартатын, ата-ана мен бала арасын жақындататын, сыныпты бір отбасыдай біріктіретін тамаша тәжірибе болды.