Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Май 2025 года » Страница 2
Лицей оқушыларына жалпы құқықтық тақырыпта профилактикалық әңгіме жүргізілді
20
май
2025
Лицей оқушыларына жалпы құқықтық тақырыпта профилактикалық әңгіме
Алматы қаласы №178 мамандандырылған лицейде 9-11 сынып оқушылары арасында Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ ЮПБ-нің аға инспекторы полиция майоры Л.Т.Жампеисова мектеп әкімшілігімен бірлесіп, жалпы құқықтық тақырыпта профилактикалық әңгіме жүргізді. Мектеп бітірушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 5-бөлігі, 593-бабының 1-1-бөлігі, 440, 441, 442, 127-баптары және баптардың санкциялары түсіндірілді.
Көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керек
20
май
2025
Көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керек
№178 мамандандырылған лицейде «Көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керек» тақырыбында 7 сыныбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керегін үйрету. Көктемде табиғат қана емес, адам ағзасы да тазара бастайды. Ағзада жасушалар жаңарады. Сондықтан адам әлсіреп, иммунитеті төмендеп, дәрумендерді қажет етеді. Қыстағы тойымды рационды көктемде қандай құнарлы асқа ауыстыру керек? Көкөніс, жеміс-жидектерді көп пайдаланып, сорпа ішу керек. Ал майды
Дұрыс тамақтану ережелері
20
май
2025
Дұрыс тамақтану ережелері
Денсаулығыңызға бей-жай қарағыңыз келмей ме, тамақтану кестесін белгілеуден бастаңыз. Тәулігіне бір — екі рет қана тамақтану дұрыс емес. Белгілі мөлшерде үш немесе төрт рет тамақтану керек. Тамақтың құнарлы болғанына көңіл бөліңіз. Себебі, адам ағзасы дұрыс қабылдайтын, оны асқазан еш қиындықсыз қорытатын тағам түрлері, яғни белок, майлар, витаминдер, минералды заттарға бай болуы шарт. Бұл ретте дәрігер — диетологтың да кеңесі артық болмайды. Тәуліктік ас мәзірінің әртүрлі болуы керек.
«Музей түні – 2025» тақырыбында дәстүрлі мәдени акциясы өтті
19
май
2025
«Музей түні – 2025» тақырыбында дәстүрлі мәдени акциясы өтті
«Шабыт» жобасы аясында 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде 2025 жылы 17 мамыр күні сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін «МУЗЕЙ ТҮНІ – 2025» дәстүрлі мәдени акциясы өтті. Ауқымды мәдени оқиғаға айналған бұл шарада лицейіміздің оқушылары “Аталар аманаты – ұлы жеңіс” тақырыбында балалар мен жасөспірімдерге арналған викториналар мен сайыстар өткізді. Музей қонақтарын ойынға қызықтырып, озық шыққандарды марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады.
"Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" тақырыбында сынып сағаттары өтті
19
май
2025
"Өскелең ұрпақ арасындағы қауіпсіздік мәдениеті" тақырыбында сынып
Қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделерінің ішкі және сыртқы қатерден қорғалуы. Балалардың өмірі мен денсаулығы - ұлттық қауіпсіздіктің негізі және мемлекетіміздің болашағы болып табылады. Өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында №178 мамандандырылған лицейде "КӨМЕК" бағдарламасы аясында оқушыларға "Өскелең ұрпақ арасында қауіпсіздік мәдениеті" тақырыбында сынып сағаттары өтті.  
«Заң және тәртіп», «Адал азамат» тақырыптарында 5-11 сынып оқушылары эссе жазды.
19
май
2025
«Заң және тәртіп», «Адал азамат» тақырыптарында 5-11 сынып оқушылары
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспарына сай «Заң және тәртіп», «Адал азамат» тақырыптарында 5-11 сынып оқушылары эссе жазды. Нәтижесінде үздік эссе жазған оқушылар дипломмен марапатталды.
"RoboMind-2025" робототехника байқауында жүлдегер атандық
16
май
2025
"RoboMind-2025" робототехника байқауында жүлдегер атандық
2025 жылдың 16 мамырында өткен «Алматы BALAFEST-2025»фестивалі аясында ұйымдастырылған “RoboMind-2025” робототехника байқауында лицейіміздің 7-8-сынып оқушылары FIRST LEGO League Challenge санатында бақ сынап, RoboMind-2025-те жүлделі 3-орын иеленді. “Robot Performance Award – 3rd place”номинациясына ие болды! Жетекшісі: Сәлмеке А. Бұл жеңіс — оқушыларымыздың техникалық сауаттылығы мен командалық жұмысының жарқын нәтижесі!Құттықтаймыз! Жаңа технологиялар әлемінде табыстарыңыз арта берсін!