Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
20
май
2025

Көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керек

№178 мамандандырылған лицейде «Көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керек» тақырыбында 7 сыныбында сынып сағаты өтті. Мақсаты: Оқушыларға көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керегін үйрету. Көктемде табиғат қана емес, адам ағзасы да тазара бастайды. Ағзада жасушалар жаңарады. Сондықтан адам әлсіреп, иммунитеті төмендеп, дәрумендерді қажет етеді. Қыстағы тойымды рационды көктемде қандай құнарлы асқа ауыстыру керек? Көкөніс, жеміс-жидектерді көп пайдаланып, сорпа ішу керек. Ал майды азайтқан жөн. Аскөк, ақжелкен сияқты көкөністі көп тұтынған дұрыс. Рационға смузи, күнзе (кориандр) қосуға да болады. Олардың орнын жазға қарай қарбыз бен баялды баса алады. Суды көп ішіңіз. Көбірек қозғалып, жүгіруді қолға алсаңыз, ағзадағы қыстан қалған токсиндер термен шыға бастайды. Көктемде мына тағамдарды күнде пайдаланса, ағзада дәрумен жетіспеушілігі болмайды: брокколи, ашытылған  қырыққабат, апельсин,пияз,сәбіз,рукола. Оқушыларға көктем мезгілінде қалай дұрыс тамақтану керегін үйрету, салауатты өмір салтын насихаттау. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: