09
апрель
2025
Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі
2025 жылдың 9 сәуір күні, №178 мамандандырылған лицейде 7 "А" сынып оқушыларымен "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Көктем мезгілінде дұрыс тамақтанудың маңыздылығы, ағзамызға қаншалықты пайдалы екені айтып өтілді. Фастфуд тағамдарының зияны мен денсаулыққа кері әсері жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. "Дұрыс тамақтану-денсаулық кепілі" тақырыбында шығарма жазылды. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға "Дұрыс тамақтану" ұғымын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, салауатты өмір салтын насихаттау.