19
май
2025
«Музей түні – 2025» тақырыбында дәстүрлі мәдени акциясы өтті
«Шабыт» жобасы аясында 18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде 2025 жылы 17 мамыр күні сағат 18:00-ден 23:00-ге дейін «МУЗЕЙ ТҮНІ – 2025» дәстүрлі мәдени акциясы өтті. Ауқымды мәдени оқиғаға айналған бұл шарада лицейіміздің оқушылары “Аталар аманаты – ұлы жеңіс” тақырыбында балалар мен жасөспірімдерге арналған викториналар мен сайыстар өткізді. Музей қонақтарын ойынға қызықтырып, озық шыққандарды марапаттап, арнайы сыйлықтар табыстады.