Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
Білім инемен құдық қазғандай
31
март
2025
Білім инемен құдық қазғандай
5 "А" сынып оқушысы Мағауия Еркебұлан көктемгі демалыс кезінде оқыған кітаптарымен ой бөлісті. "Әр адамның жүрегіне жақын, жанына ерекше әсер еткен сүйікті кітабы болады. Мен үшін ондай шығармалар: "Жер жәннәты – ғарыш", "Атамұра", "1100 қызықты деректер. Улы жәндіктер". Бұл кітаптар менің дүниетанымымды кеңейтіп, өмірге деген көзқарасымды өзгертті, мені шабыттандырды, жаңа нәрсе үйретті, өмірге басқа қырынан қарауға көмектесті. Сондықтан мен бұл кітаптарды бәріне оқуға кеңес беремін. Ол әр
Рухани-адамгершілік құндылықтар – білім мен тәрбиенің қайнар көзі
29
март
2025
Рухани-адамгершілік құндылықтар – білім мен тәрбиенің қайнар көзі
2025 жылдың 28-29 наурыз күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде білім мен тәрбиенің сабақтастығы» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Бұл шара аясында «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шойынбаева Шолпан қатысып, бағалы тәжірибе жинақтап келді.
Жаңашылдық бастауы  – ұлттық құндылыққа негізделген  білім мен тәрбиеде
28
март
2025
Жаңашылдық бастауы – ұлттық құндылыққа негізделген білім мен
Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен Ә.Шәріпов атындағы N16 мектеп-гимназиясында өткен "Ұлттық құндылықтарға негізделген білім мен тәрбие: жаңашылдық пен заманауи көзқарас" атты халықаралық әдістемелік семинарға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Н.Кутумов қатысып қайтты.
«Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы пәндік апробациялау жұмыстары: тематикалық бақылау. Тәжірибе» тақырыбында қалалық семинар-практикумы өткізілді
27
март
2025
«Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы пәндік апробациялау
2025 жылғы 27 наурыз күні Алматы қаласының Білім басқармасы Қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы және №178 мамандандырылған лицейдің бірлесуімен «Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы пәндік апробациялау жұмыстары: тематикалық бақылау. Тәжірибе» тақырыбында қалалық семинар-практикумы өткізілді. Семинар-практикум мақсаты: функционалдық сауаттылық мәнін пәндік құзыреттілік мәнінде практикалық апробациялау Алматы қаласы Білім басқармасы, Қалалық білім
Кітап – білім бұлағы
27
март
2025
Кітап – білім бұлағы
"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында «Демалыста кітап оқимыз, жадымызда тоқимыз» челленджіне 5-сынып оқушысы Есенкелдіқызы Айша белсене қатысты. Кішкентай оқырманымыз бұл челлендж арқылы кітап оқып, алған білімін өз жан дүниесінде тереңдете отырып, оқуға деген қызығушылығын арттырып келеді.  
Эссе –  көркем ойдың жемісі.
27
март
2025
Эссе – көркем ойдың жемісі.
27.03.2025 жылы N204 жалпы білім беретін мектепте Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен жас мұғалімдерге “Эссенің негізгі қадамдары”, “ Эссе жазуда жиі кездесетін қателер” тақырыбында семинар өтті. Семинар барысында N178 мамандандырылған лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Ауелбекова Айман Айтжанқызы эссе жазуда қолданатын әдіс-тәсілдерімен бөлісті.    
Лицейде "Оқытудағы заманауи қадамдар: Lesson Study және Action Research әдістері арқылы білім       сапасын арттыру" жолдары қалыптасқан
26
март
2025
Лицейде "Оқытудағы заманауи қадамдар: Lesson Study және Action
"Оқытудағы заманауи қадамдар" тақырыбында әдістемелік кеңес өтті. Бұл кеңестің негізгі мақсаты - білім беру үдерісін жетілдіруде Lesson study және Action Research (AR) зерттеу тәсілдерін қолдана отырып, оқытудың деңгейі мен білім сапасын арттыру жолдарын талқылау болды. Кеңесте педагогтер мен әдіскерлер Lesson study әдісі арқылы оқу процесіндегі инновациялық тәсілдерді, мұғалімдер арасындағы тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты арттыруды, сондай-ақ Action Research тәсілі арқылы жеке білім беру
"Таза Қазақстан" атты жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды
26
март
2025
"Таза Қазақстан" атты жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды
Бірлік бар жерде, тірлік бар. Лицей ұжымы мен ата-аналар, оқушылар бірлесе отырып, лицей ауласында тазалық жұмыстарын жүргізді. Сенбілік барысында лицей аумағын қоқыстардан тазартып, мектептің көркі мен экологиялық жағдайы жақсартылды. 
Лицейде – республикалық пән олимпиада жеңімпаздарының жетекшілері қонақта
25
март
2025
Лицейде – республикалық пән олимпиада жеңімпаздарының жетекшілері
"Біртұтас" тәрбие бағдарламасы аясында лицей ұжымы республикалық пән олимпиадасында топ жарып, жеңіске жеткен дарынды оқушылардың жетекшілерін құшақ жая қарсы алды. Республиканың кіл мықты, майталман мамандарына лицейіміздің дарынды оқушылары өз шығармашылықтарын таныстырып, үздік ұстаздарымыз озық тәжірибелерін таратты. Бұл кездесу білім жолындағы табыстар мен жаңа идеялардың алмасу алаңына айналды. Ұжымымыздың күш-жігері мен шәкірттеріміздің табандылығы арқасында әрбір жеңіс, әрбір қадам —