Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Декабрь 2023 года » Страница 5
«Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық қарым-қатынас» тақырыбында ата-аналармен кездесу
08
декабрь
2023
«Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық қарым-қатынас» тақырыбында
     Алматы қаласы Алатау ауданы №178 мамандандырылған лицейде «Оқушылардың ата-аналарымен педагогикалық қарым-қатынасы» тақырыбында ата-аналармен кездесу өтті. Мақсаты: ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету; ата-аналар мен мұғалімдердің өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін ескере отырып, өз баласының ерекше қырларын ашуға деген мүмкіндіктерін қалыптастыру; ата-аналардың өз баласының бейімді жақтарын дамытуға деген ынтасын арттыру; ата-аналарды лицей ұстаздарымен бірге баланың жеке
Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы өтті
08
декабрь
2023
Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы өтті
     2023 жылдың 06-08 желтоқсан күндері Республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсы өтті. Конкурстың қорытынды кезеңіне аймақтық кезеңнің 187 жеңімпазы қатысты. Лицейдің биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Айдарова Айдана Берікқызы өзінің авторлық бағдарламасын ұсынып І орын иеленді. Жүзден жүйрік шыққан мұғалімімізге шығармашылық табыс тілейміз!  
№178 мамандандырылған лицейде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Биология кафедрасының филиалы ашылды
08
декабрь
2023
№178 мамандандырылған лицейде Абай атындағы Қазақ ұлттық
     №178 мамандандырылған лицейде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Биология кафедрасының филиалы ашылды. Мақсаты: жоғары оқу орыны білім алушыларының теориялық білімдерін практикада бекіту және лицей мұғалімдері мен кафедра профессор-оқытушыларының тәжірибе алмасу алаңы қызметін атқару. Филиалдың ашылуына институт директоры Куләш Дуйсенбайқызы Каймулдинова, «Мансап» орталығының жетекшісі Сауле Жантураевна Калибекова және кафедраның профессор оқытушылары қатысты. Кафедра
«Мұздан сақтану шаралары»
06
декабрь
2023
«Мұздан сақтану шаралары»
№178 мамандандырылған лицейде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кутумов Берік Нәбиұлы лицей оқушыларына «Мұздан сақтану шаралары» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Робототехника - болашаққа қадам
05
декабрь
2023
Робототехника - болашаққа қадам
     Робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым болып табылады және қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде кең қолданысқа ие. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. Сондықтан, орта білім беру саласында факультатив және элективті курстарда роботехника негіздері пәні енгізіліп, түрлі конкурстар, сайыстар өткізіліп, оқушылар бір-бірімен ғылыми-техникалық идеялар, техникалық
Каспий университетінің арнайы мамандарымен кездесу
05
декабрь
2023
Каспий университетінің арнайы мамандарымен кездесу
Caspian University білім беру қызметтері нарығындағы көпсалалы, жоғарғы және орта білімнен кейін, бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша сапалы білім беретін жоғары оқу орны. Caspian University 18 бакалавриат, 6 магистратура, 2 PhD докторантура мамандықтары бойынша білім береді.  Алматы қалалық Каспий университетінің арнайы мамандары кәсіби бағдар беру бойынша 11-сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мамандық таңдау мәселесі
05
декабрь
2023
Мамандық таңдау мәселесі
    Мамандық таңдау мәселесі - адам өміріндегі ең күрделі және жауапты қадам. Мамандық таңдау әрбір адамның мұқиятылығын қажет етеді.  Осы орайда, 2023 жылғы 5 желтоқсанда "Еңбек мобильділігі орталығымен" бірлесе №178 мамандандырылған лицейде 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Оқушыларға мамандық таңдау формуласы, мамандық түрлері жайлы мәлімет бере отырып, дұрыс мамандық пен оқу орынын таңдау жайлы да кеңестер берілді.