Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2023

Робототехника - болашаққа қадам

     Робототехника автоматтандырылған техникалық жүйелерді құрумен айналысатын қолданбалы ғылым болып табылады және қазіргі таңда бүкіл дүние жүзінде кең қолданысқа ие. Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу мақсатында ғылыми-техникалық прогресстің осы бір маңызды бағытынан құр қалмауда. Сондықтан, орта білім беру саласында факультатив және элективті курстарда роботехника негіздері пәні енгізіліп, түрлі конкурстар, сайыстар өткізіліп, оқушылар бір-бірімен ғылыми-техникалық идеялар, техникалық ақпарат және инженерлік білімдерімен алмасуда. Осы орайда, лицейде білім нәрімен сусындап, қазіргі таңда НЗМ-де білімін шыңдап жүрген шәкірттер робототехника бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаңа робот презентациясын жасады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: