08
декабрь
2023
№178 мамандандырылған лицейде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Биология кафедрасының филиалы ашылды
№178 мамандандырылған лицейде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Биология кафедрасының филиалы ашылды. Мақсаты: жоғары оқу орыны білім алушыларының теориялық білімдерін практикада бекіту және лицей мұғалімдері мен кафедра профессор-оқытушыларының тәжірибе алмасу алаңы қызметін атқару. Филиалдың ашылуына институт директоры Куләш Дуйсенбайқызы Каймулдинова, «Мансап» орталығының жетекшісі Сауле Жантураевна Калибекова және кафедраның профессор оқытушылары қатысты. Кафедра филиалының ашылуына ықпал болған лицей директоры Кайратбек Хамзаханович Шадиевке және лицей ұжымына алғысымызды білдіреміз.





