Оқушылар жетістіктері » Страница 15 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі өз мәресіне жетті.
27
апрель
2022
Республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі өз мәресіне жетті.
     2022 жылдың 18-23 сәуір аралығында өткен Жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі өз мәресіне жетті. Олимпиада Алматы қаласы Қазақ еңбек және әлеуметті қатынастар академиясының U-study базасында өтті. №178 мамандандырылған лицейден 7 оқушы қатысып, 5 шәкіртіміз жүлделі орындарды жеңіп алды. Математика пәні бойынша - Құрманбек Бексұлтан 2 орын Информатика пәнінен - Даутбек Адлет 2 орын Физика пәнінен - Тұрлыбек
"Мен  - үздік топ басшымын!" байқауы.
27
апрель
2022
"Мен - үздік топ басшымын!" байқауы.
      "Ел жастары клубының" белсенді оқушылары Иса Динара мен Бүркітбай Румейсаның ұйымдастыруымен 8-сыныптардың топ басшылары арасында "Мен - үздік топ басшымын!" байқауы өткізілді. Байқауға тоғыз сыныптың топ басшылары қатысып, өзара тартысқа түсті. Бірінші турда старосталар өздері мен сыныптарын таныстырса, екінші турда жыл бойы сынып оқушыларының жеткен жетістіктерін баяндады. Байқауда әділқазылар алқасының төрайымы орыс тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, 6 "Б" сыныбының жетекшісі
Елдана "EURO TALANTS" ІV Халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды.
25
апрель
2022
Елдана "EURO TALANTS" ІV Халықаралық фестивальдің жеңімпазы атанды.
     2022 жылдың 23-26 сәуірінде "EURO TALANTS" ІV Халықаралық фестивальға №178 мамандандырылған лицейдің 6 "А" сынып оқушысы Қуанышқызы Елдана "Аспаптық жанр. Жетіген. Соло" номинациясы бойынша қатысып, "Ой толғау" қазақ ұлттық күйін шебер орындағаны үшін І дәрежелі дипломмен марапатталып, фестиваль лауреаты атағына ие болды. Өнердің биік шыңдарына қанатың талмай жете бер, Елдана! Жеңісің құтты болсын!
Эстафеталық сайыстың "Ең үздік ойыншысы"
25
апрель
2022
Эстафеталық сайыстың "Ең үздік ойыншысы"
  "Спорт - денсаулық кепілі!" тақырыбында өткізілген лицейішілік эстафеталық сайыста  "Ең үздік ойыншысы" болып 6 "Г" сыныбының оқушысы Еркебұланқызы Бану танылды. Құтты болсын!
Триатлон спорт түрі бойынша қалалық біріншілік
25
апрель
2022
Триатлон спорт түрі бойынша қалалық біріншілік
    Лицейіміздің 5 "Ә" сынып оқушысы Темирхали Диляра триатлон спорт түрі бойынша қалалық біріншіліктен ІІІ орын жеңіп алды. Құтты болсын!
"Бабалар әлемі" атты республикалық шығармашылық көрмесі.
25
апрель
2022
"Бабалар әлемі" атты республикалық шығармашылық көрмесі.
     Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің Балалар жылына орай ұйымдастырылған "Бабалар әлемі" атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасында өткізілген шығармашылық көрмесінде үздік нәтиже көрсеткені үшін №178 мамандандырылған лицейдің 9 "Ғ" сынып оқушысы Жеңсікбаева Дильнара мен 6 "А" сынып оқушысы Әбдіқасым Әлиескендір арнайы дипломмен марапатталды.
Эстафеталық сайыста жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушылар!
24
апрель
2022
Эстафеталық сайыста жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушылар!
  "Спорт - денсаулық кепілі!" тақырыбында өткізілген лицейішілік эстафеталық сайыста жеңімпаз және жүлдегЭстафеталық сайыста жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушылар! 1️⃣ "Қашықтыққа жүгіру" сайысы  І орын - Қайназар Нұрәділ, 6 "Д" сыныбы ІІ орын - Алтай Санжар, 6 "А" сыныбы ІІІ орын - Қорабаев Ерсұлтан, 6 "Б" сыныбы 2️⃣ "60 метрге жүгіру" сайысы   І орын - Ахметхан Хадиша, 6 "Е" сыныбы ІІ орын - Жалғасбек Ару, 6 "Б" сыныбы ІІІ орын - Нұрбекқызы Іңкәр, 6 "Д" сыныбы 3️⃣ "Су тасу бойынша" сайысы  
"Балалар жылы" аясында футболдан лицейішілік турнир өткізілді.
25
март
2022
"Балалар жылы" аясында футболдан лицейішілік турнир өткізілді.
  "Gol Gol" футбол орталығында кәсіпкер Доғдырбайұлы Данияр мырзаның қолдауымен каникул кезінде лицей оқушыларының демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында "Балалар жылы" аясында бұқаралық спортты дамыту және қолдау негізінде 10-11 сыныптардың ер балалары арасында футболдан лицейішілік турнир өткізілді. Турнирге 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған сыныптар: І орын (20 000 теңге) иегері - 11 "З" сыныбы ІІ орын (15 000 теңге) иегері - 11 "Ә"
Таэквондо спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты
24
март
2022
Таэквондо спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы Қазақстан
    N178 мамандандырылған лицейдің 8 "Ғ" сынып оқушысы Алирахман Ернар таэквондо спорты бойынша жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып, жүлделі 2️⃣ орынға ие болды. Құтты болсын!
Қазақша күрестен өткізілген жарыста жеңімпаз анықталды.
22
март
2022
Қазақша күрестен өткізілген жарыста жеңімпаз анықталды.
      Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында қазақша күрестен ұйымдастырылған жарыста лицейіміздің оқушысы Қанатұлы Досымжан жеңімпаз атанды. Құтты болсын!