Оқушылар жетістіктері » Страница 16 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Бокстан жасөспірімдер турнирінен Ойықбай Алан жеңімпаз атанды.
21
март
2022
Бокстан жасөспірімдер турнирінен Ойықбай Алан жеңімпаз атанды.
   Лицейіміздің оқушысы Ойықбай Алан бокстан жасөспірімдер арасында өткен аудандық турнирде жеңімпаз атанды.  Жеңісің құтты болсын!
Футболдан лицейішілік турнир өткізілді.
20
март
2022
Футболдан лицейішілік турнир өткізілді.
      "Ақтөбе" футбол клубының капитаны Юрий Логвиненко мен кәсіпкер Айдос Айдарұлының қолдауымен, "Балалар жылы" аясында лицейімізде 6-сынып ер балалары арасында шағын футболдан лицейішілік турнир өткізілді. Турнирде жеңімпаз және жүлдегер атанған сыныптар: І орын (20 000 теңге иегері) - 6 "В" сыныбы ІІ орын (15 000 теңге иегері) - 6 "А" сыныбы ІІІ орын (5000 теңге иегері) - 6 "Ғ" сыныбы Турнирде номинацияларға ие болған оқушылар! "Ең үздік ойыншы" және "Ең үздік сұрмерген" - Амандықұлы
"Ару қыздар" атты аудандық бейнероликтер байқауы өткізілді.
19
март
2022
"Ару қыздар" атты аудандық бейнероликтер байқауы өткізілді.
     Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай мектеп қыздары арасында "Ару қыздар" атты аудандық бейнероликтер байқауы өткізілді. Байқау нәтижесінде Бас жүлдені N178 мамандандырылған лицейдің 10 "Д" сынып оқушысы Адас Нұрайна иеленді.
Шахматтан 8-17 жас аралығындағы қалалық мектеп оқушыларының жарысында топ жарды.
15
март
2022
Шахматтан 8-17 жас аралығындағы қалалық мектеп оқушыларының жарысында
     8-17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Шахматтан "KAISSA" Академиясында өткен қалалық мектеп оқушыларының жарысына №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Жарысқа қала бойынша ең мықты деген 25 оқушы қатысты. Жасөспірімдер арасында №178 мамандандырылған лицейдің 6 «Г» сынып оқушысы Жуматай Азамат 4 разряд бойынша I орын алса, 6 «Д» сынып оқушысы Өтелбай Нурасыл осы жарыстың жалпы есебі бойынша I орын иеленді. Оқушыларымыз қоржындарына Алтын
"Абай әлемі" атты  республикалық шығармашылық байқау.
15
март
2022
"Абай әлемі" атты республикалық шығармашылық байқау.
       2022 жылдың 28 ақпан күні ҚР Білім және ғылым министрлігі "Дарын" Республикалық ғылыми-практикалық орталығы және Абай атындағы РММИ бірлесіп ұйымдастырған "Абай әлемі" атты республикалық шығармашылық байқауда көрсеткен ерекше жетістіктері үшін 8 "Ж" сынып оқушысы Төкен Ақжол және жетекшісі Женсикбаева Назгүл алғыс хатпен марапатталды. Талантты шәкіртіміз бен талапты ұстазымызды жеткен жетістіктерімен құттықтаймыз!
"Көркем сөз" аталымы бойынша республикалық Дара бала жарысы.
14
март
2022
"Көркем сөз" аталымы бойынша республикалық Дара бала жарысы.
     №178 мамандандырылған лицейдің 8 "Ә" сынып оқушысы Аршабай Ақбота "Көркем сөз" аталымы бойынша республикалық Дара бала жарысына қатысып, I дәрежелі дипломды иеленді. Құтты болсын!
Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен іріктеу жарысы.
14
март
2022
Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында өткен іріктеу жарысы.
      ⛳️Алматы қаласында қазақ күресінен 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер мен 2007-2008 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында өткен іріктеу 🤼жарысында N178 мамандандырылған лицейдің 9«Д» сынып оқушысы Нұржан Марғұлан жеңіс тұғырына көтеріліп, 🥇І орынға ие болды. 🏆Қазақстанның абыройын асқақтататын жас спортшылардың қатарынан көрініп, тек қана жеңіс пен сәттілік тілейміз!
Жеңіс тұғырына көтерілген лицейіміздің жас спортшыларын құттықтаймыз!
14
март
2022
Жеңіс тұғырына көтерілген лицейіміздің жас спортшыларын құттықтаймыз!
     📍Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы Ұлттық мектеп лигасының іріктеу кезеңінде стритбол спорт түрінен 9-11 сынып оқушылары арасында N131 жалпы білім беретін мектепте жарыс өткізілді. Жарысқа қаланың Медеу, Бостандық, Әуезов, Түрксіб, Алатау, Наурызбай, Жетісу, Алмалы ауданы бойынша мектеп оқушылары қатысты. Нәтижесінде N178 мамандандырылған лицейдің 10-11 сынып оқушылары 🥈ІІ орынға ие болды. ✨Жеңіс тұғырына көтерілген жас
Халықаралық зерттеу жобалар конкурсында топ жарған қос ғалым!
12
март
2022
Халықаралық зерттеу жобалар конкурсында топ жарған қос ғалым!
       ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖОБАЛАР КОНКУРСЫНДА ТОП ЖАРҒАН ҚОС ҒАЛЫМ! 📚 2022 жылғы 10-12 наурыз күндері өткізілген Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан ХІІ Халықаралық зерттеу жобалар конкурсы өз мәресіне жетті. 5 мемлекеттен келген 500 астам оқушылар өздерінің авторлық ғылыми-зерттеу жобаларын ұсынды. Білім мен ғылымды ұштастыра білген дарынды оқушыларымыз Р.А. Миракбаров пен Е.Ж. Құрманның «Планетаның бетін зерттеуге арналған Робот-ровер концепциясы» тақырыбындағы авторлық
Шәкірттеріміз Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық конкурсқа қатысуда!
11
март
2022
Шәкірттеріміз Ө. Жолдасбеков атындағы халықаралық конкурсқа қатысуда!
  2022 жылдың 10-12 наурыз күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің механика-математика факультеті базасында «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан ХІІ Халықаралық зерттеу жобалар конкурсы өткізілуде. Халықаралық дәрежеде өткізіліп жатқан ғылыми зерттеу конкурсына №178 мамандандырылған лицейдің 10-сынып оқушылары Р.А. Миракбаров пен Е.Ж. Құрман «Планетаның бетін зерттеуге арналған Робот-ровер