"Мен - үздік топ басшымын!" байқауы. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
апрель
2022

"Мен - үздік топ басшымын!" байқауы.

      "Ел жастары клубының" белсенді оқушылары Иса Динара мен Бүркітбай Румейсаның ұйымдастыруымен 8-сыныптардың топ басшылары арасында "Мен - үздік топ басшымын!" байқауы өткізілді.
Байқауға тоғыз сыныптың топ басшылары қатысып, өзара тартысқа түсті. Бірінші турда старосталар өздері мен сыныптарын таныстырса, екінші турда жыл бойы сынып оқушыларының жеткен жетістіктерін баяндады.
Байқауда әділқазылар алқасының төрайымы орыс тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші, 6 "Б" сыныбының жетекшісі Ханасилова Сабина Курымбаевна мен математика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы, 6 "Ж" сыныбының жетекшісі Байткенова Баян Бақытқызы және лицейімізде өткізілген старосталар байқауының Тұңғыш жеңімпазы, 10 "Б" сынып оқушысы Мейрым Милана Саматқызы өздерінің әділ бағаларын беріп, үздіктерді анықтады. Сонымен байқауда жеңімпаз және жүлдегер атанған старосталар:
Бас жүлде - Қасымхан Амира және көмекшісі Байжұма Айзере 8 "Г" сыныбы
І орын - Балтаева Тоғжан мен көмекшісі Қайса Аяулым 8 "Ғ" сыныбы
ІІ орын - Туғанбай Лилия мен көмекшісі Төкен Ақжол 8 "Ж" сыныбы
ІІ орын - Аршабай Ақбота мен көмекшісі Нышанбай Ажар 8 "Ә" сыныбы
ІІІ орын - Абилқожа Еркенұр мен көмекшісі Махмут Еркенұр 8 "Б" сыныбы
ІІІ орын - Амитбек Айбын мен көмекшісі Оспанова Адия 8 "В" сыныбы
ІІІ орын - Орынбасарқызы Ботакөз 8 "Е" сыныбы
"Көрермен көзайымы" номинациясына ие болған - Ержанқызы Таңнұр мен көмекшісі Айдарханқызы Іңкәрім 8 "А" сыныбы
"Жеңіске деген жігері үшін" номинациясына ие болған - Бимағанбет Гауһар мен көмекшісі Қанат Інжу 8 "Д" сыныбы
Сондай-ақ "Ең үздік таныстыру" номинациясына Қасымхан Амира мен Байжұма Айзере, "Ең үздік баяндама" номинациясына Аршабай Ақбота мен Нышанбай Ажар иеленді. Ал, кітапхана меңгерушісі Гүлшира Жүнісбекова байқауға қатысқан барлық старосталарға "Классикалық зерттеулер" атты кітапты естелікке сыйлыққа берді. Лицей тәлімгері Әбілқайыр Әлімбай жеңімпаз атанған Қасымхан Амираға шетел әдебиетінен мотивациялық "Не ной" кітабын, І орын иегері атанған Балтаева Тоғжанға "Yokohama Motors" компаниясының блакнотын сыйға тартты.
Марапаттарыңыз құтты болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: