"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайыс өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайыс өткізілді.
19
февраль
2022

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сайыс өткізілді.

     Өзін-өзі басқару ұйымының жылдық жоспарына сәйкес лицей тәлімгері Әбілқайыр Тілеужанның ұйымдастыруымен кезінде "Хабар" телеарнасында кеңінен таратылып, қалың көрерменнің көзайымына ие болған "Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" бағдарламасын лицейімізде тұңғыш рет 6 "Б" сыныбының оқушыларымен өткізді. Оқушылар 3 топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Сайыс 2 тур бойынша өтті.
    Бірінші турда оқушылар мақал-мәтелдердің жалғасын тапса, екінші турда жұмбақтардың жауабын табу арқылы өзара жарысты. Нәтижесінде І топтағы "Қыран" тобы екі турда 120 ұпай жинап сынып ішіндегі іріктеуден өтсе, ІІ топ "Сұңқар" тобы 80 ұпай жинап екінші орынға тұрақтады. Ал ІІІ топ "Аққу" тобы 40 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады. 
     Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқаны үшін 6 "Б" сынып оқушыларына өз алғысымызды білдіреміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: