"Балалар жылы" аясында футболдан лицейішілік турнир өткізілді. » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Балалар жылы" аясында футболдан лицейішілік турнир өткізілді.
25
март
2022

"Балалар жылы" аясында футболдан лицейішілік турнир өткізілді.

  "Gol Gol" футбол орталығында кәсіпкер Доғдырбайұлы Данияр мырзаның қолдауымен каникул кезінде лицей оқушыларының демалыс уақытын тиімді өткізу мақсатында "Балалар жылы" аясында бұқаралық спортты дамыту және қолдау негізінде 10-11 сыныптардың ер балалары арасында футболдан лицейішілік турнир өткізілді. Турнирге 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде жеңімпаз және жүлдегер атанған сыныптар:
  • І орын (20 000 теңге) иегері - 11 "З" сыныбы
  • ІІ орын (15 000 теңге) иегері - 11 "Ә" сыныбы
  • ІІІ орын (10 000 теңге иегері) - 10 "Ғ" сыныбы еншіледі.
Сондай-ақ номинация бойынша марапатталған оқушыларға спорттық тауарлар сыйлыққа берілді. Енді номинация бойынша марапатталған оқушылардың тізімін ұсынамыз.
  • "Ең үздік ойыншы" - Молдан Райымбек
  • "Ең үздік қақпашы" - Авпаз Шейхислам
  • "Ең үздік капитан" - Жанғали Ердос
  • "Ең үздік гол" - Асанов Асылжан
  • "Ең үздік қорғаушы" - Нұржігіт Диас
  • "Ең үздік жартылай қорғаушы" - Серікұлы Әлихан
  • "Ең үздік плеймейкер" - Байжұма Бексұлтан
  • "Ең үздік сұрмерген" - Доғдырбай Нұрболат
Турнирдің өтуіне өз үлесін қосып және спортты серік еткен лицейіміздің оқушыларына қолдау көрсеткені үшін кәсіпкер Доғдырбайұлы Данияр мырзаға өз алғысымызды білдіреміз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: