Мұғалімдер » Страница 12 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Алатау ауданының педагог-психологтарының қашықтықтан оқытудағы жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері
13
май
2020
Алатау ауданының педагог-психологтарының қашықтықтан оқытудағы
«Алатау ауданының педагог-психологтарының қашықтықтан оқытудағы жұмыстарын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында № 178 лицей педагог-психологтары «ZOOM» платформасы арқылы аудан педагог-психологтарымен өз тәжірибелерімен ой бөлісті.
Білім беру ұйымдарынан есеп талап етуге қатысты посттың жалғасы
12
май
2020
Білім беру ұйымдарынан есеп талап етуге қатысты посттың жалғасы
   Білім және ғылым министрлігі тарапынан ҰБДҚ (Ұлттық білім беру деректер қоры) жүйесін жаңарту бойынша жүргізілген жұмыстар аяқталуға жақын.      Енді барлық өзекті ақпарат бірыңғай базада жинақталады, сондықтан қажетті мәлімет алу үшін сауал хаттар жіберіп, жауап күтуге уақыт шығындамауға болады. Мемлекеттік құрылымдардан (әкімдіктер, білім беру, полиция бөлімдері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, ҮЕҰ, біліктілікті арттыру институттары мен әдістемелік кабинеттер және т.б.) келіп түсетін
Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада
12
май
2020
Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада
    Қашықтықтан Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада сайттары ұйымдастырған Орыс тілі пәні бойынша өткізілген олимпиадаға лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері қатысып, І және ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.      Жетекшісі: Орыс тілі пәні мұғалімі Кайрбаева Майра Ануархановна       Оқушыларымыз бен мұғалімдерімізді айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!
Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада
12
май
2020
Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада
     Қашықтықтан Республикалық Дәстүрлі Интернет және Ұлттық Интернет Олимпиада сайттары ұйымдастырған Қазақстан тарихы пәні бойынша өткізілген олимпиадаға лицейіміздің оқушылары мен мұғалімдері қатысып, І және ІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.      Жетекшісі: Тарих пәні мұғалімі Темирова Гүльназ Сембаевна.       Оқушыларымыз бен мұғалімдерімізді айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!
"Aqyldy student" білім беру орталығы ұйымдастырған  онлайын олимпиада
12
май
2020
"Aqyldy student" білім беру орталығы ұйымдастырған онлайын олимпиада
      "Aqyldy student" білім беру орталығы ұйымдастырған матиматика пәнінен І қалалық онлайын олимпиададан №178 лицейдің оқушылары жеңімпаз атанып І дәрежелі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ жетекшісі математика пәні мұғалімі Ахметқызы Төлеген ұйымдастырушылар тарапының алғыс хаттарымен марапатталды.Оқушыларымыз бен мұғалімізді айтулы жеңістерімен құттықтаймыз!
"Ертегілер еліне саяхат"  №178 лицейдің кітапханашылары
12
май
2020
"Ертегілер еліне саяхат" №178 лицейдің кітапханашылары
     Оқушыларды ертегіні жақсы қабылдай білуге, ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез-құлықтарын жеткізе білуге, сонымен қатар оқушы бойындағы шығармашылық қасиеттерін дамыту мақсатында Алматы қаласы Алатау ауданы №178 лицейдің кітапханашылары Жунисбекова Гулшира Бактияркызы мен Арна Жанна Арнакызының ұйымдастыруымен "Ертегілер еліне саяхат" атты тақырыпта қашықтықтан сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастыруда.#178лицей #бізбіргеміз #Ертегілерелінесаяхат #бізүйдеміз
Қайырымдылық - адам жанының нұры
12
май
2020
Қайырымдылық - адам жанының нұры
     "Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің", - дейді халқымыз. Қайырымдылық- адамның адамға таза ниетін, адамгершілік, рухани қарым-қатынасын көрсететін имани, сауапты игі іс. Қазақ халқы қашанда көмекке мұқтаж адамдарды қанатының астына алып, қамқорлық танытудан еш тайынбаған. Жаны жақсылықты қалап тұратын жаны жайсаң, жомарт жандар қашанда қол ұшын созуға дайын.      Осы орайда Алматы қаласы, №178 лицей ұжымы "30 күн ораза да - 30 игілікті іс" қайырымдылық акциясын жүргізуде.
Ұстаздық еткен жалықпас
12
май
2020
Ұстаздық еткен жалықпас
    Біздерге сапалы білім мен тәрбие беруде сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Алтын ұя мектебіміз, ардақты ұстаздар! Сіздерге деген сағынышымызды, алғысымызды қабыл алыңыздар!        8 "Д" сыныбы.        Сынып жетекшісі Н.Бақытжан        #Ұстаздар,#Мыңалғыс,#Бізбіргеміз
Онлайн әдісімен ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдары
12
май
2020
Онлайн әдісімен ағылшын тілінде ауызша сөйлеуге үйретудің тиімді
       Қашықтықтан оқыту жағдайында №178 лицейде жүзеге асырылып жатқан «Speaking online» жобасы өз жалғасын табуда. Лицейдің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алсаева Айжан Окетаевнаның 5-сынып оқушыларының қатысуымен өткен онлайн сабағы айтылған ойдың кепілі. Оқушылардың өз ойын нақты, айқын, нық жеткізуі, сонымен қатар, ойлау арқылы тұжырымдай алуы, өзінің сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндігін аша түсуде.     Сабақ барысында «Мен ұнататын түс», «Тағам түрлері», «Жануар мен спорт ойыны»
11-сынып түлектеріне аттестат 3-4 маусымда тапсырылады
11
май
2020
11-сынып түлектеріне аттестат 3-4 маусымда тапсырылады
                    11 сынып түлектеріне аттестаттарды тапсыру 3-4 маусымда өтеді 🔔Қорытынды аттестаттау емтихандарының биыл өткізілмейтіні ескеріліп, бұл іс-шараны маусым айының басында өткізу туралы шешім қабылданды. 🔔Мереке аясында салтанатты түрде аттестаттар табысталады және мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылады. 🔔Іс-шара міндетті түрде мектеп аумағында, ашық алаңда, қонақтарсыз, тек бітірушілердің қатысуымен және санитарлық нормаларды сақтай отырып өтуі тиіс. Аттестат тапсыру