Қайырымдылық - адам жанының нұры » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
май
2020

Қайырымдылық - адам жанының нұры

     "Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің", - дейді халқымыз. Қайырымдылық- адамның адамға таза ниетін, адамгершілік, рухани қарым-қатынасын көрсететін имани, сауапты игі іс. Қазақ халқы қашанда көмекке мұқтаж адамдарды қанатының астына алып, қамқорлық танытудан еш тайынбаған. Жаны жақсылықты қалап тұратын жаны жайсаң, жомарт жандар қашанда қол ұшын созуға дайын.
     Осы орайда Алматы қаласы, №178 лицей ұжымы "30 күн ораза да - 30 игілікті іс" қайырымдылық акциясын жүргізуде. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған 30 отбасыға, қайырымдылық көмегін беріп, имандылықтың, тәрбиеліліктің, парасаттылықтың өнегесін көрсетіп, игі дәстүрді жалғастырып келеді.
#бізбіргеміз
#бізүйдеміз
#қайырымдыіс
#№178 лицей



Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: