7-8 сынып оқушылары арасында «ЭКО-СӘН - 2024» байқауы өтті
2024 жылдың 27-ақпанында жаратылыстану кафедрасының онкүндігі аясында биология пәнінің мұғалімі Г.Б. Джумабаеваның ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында «ЭКО-СӘН - 2024» байқауы өтті. Лицей оқушылары арасында өткен байқаудың мақсаты: экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу және қалдық заттарды дұрыс пайдалану мен өңдеу мүмкіншілігін арттыру. 10 «Ә» сынып оқушысы Қайса Аяулым «Эко-ыдыстар» атты өз