7-8 сынып оқушылары арасында «ЭКО-СӘН - 2024» байқауы өтті » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7-8 сынып оқушылары арасында «ЭКО-СӘН - 2024» байқауы өтті
27
февраль
2024

7-8 сынып оқушылары арасында «ЭКО-СӘН - 2024» байқауы өтті

     2024 жылдың 27-ақпанында жаратылыстану кафедрасының онкүндігі аясында  биология пәнінің мұғалімі Г.Б. Джумабаеваның ұйымдастыруымен 7-8 сынып оқушылары арасында  «ЭКО-СӘН - 2024» байқауы өтті. Лицей оқушылары арасында өткен байқаудың мақсаты:  экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген сүйіспеншілікті ояту, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу және қалдық заттарды дұрыс пайдалану мен өңдеу мүмкіншілігін арттыру.
      10 «Ә» сынып оқушысы Қайса Аяулым «Эко-ыдыстар» атты өз жұмысымен таныстырды.  Пластикалық ыдыстарға қарағанда қоршаған ортаға да, адамзатқа да пайдалы бір рет қолданылатын, Қазақстанда өндірілетін эко-ыдыстарды оқушыларға ұсынды. Әділқазылар алқалары директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Ш.Ә Шойынбаева,  информатика пәнінің мұғалімі  А.М. Бақытова, өзін-өзі басқару ұйымының президенті, 10 «Ә» сынып оқушысы  Ғалымжанқызы Іңкәр және 10 «Ә» сынып оқушысы  Қайса Аяулым қатысушыларды  әділ бағалап, марапаттады. Нәтижесінде: жүлде 8 "Ғ" сынып оқушысы Әлімжан Аруна, I орын 8 "Б" сынып оқушысы Алжанбайқызы Ділдә, II орын 7"В" сынып оқушысы Бекболат Мерейім, 8 "Д" сынып оқушысы Сейсенбай Айлы,  III орын Мұратқызы Фатима, Абай Бақытнұр, Исматилла Аружан иеленді. Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!!!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: