Біз туралы » Страница 12 » КГУ «Лицей № 178» Управления образования города Алматы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№178 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-54-42
Бухгалтерия:
+7(727) 392-54-39
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне арналған олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
21
февраль
2024
Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың құрметіне арналған олимпиаданың
      Академик, профессор, ғалым — Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай "Ғылымның биік бәйтерегі — Қаныш Сәтбаев" тақырыбында математика пәнінен 8-9 сыныптар арасында олимпиада өткізілді.  Олимпиаданы Қаныш Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың академиялық істер жөніндегі проректоры, басқарма мүшесі — Жәутіков Бақыт Ахатұлы оқушыларымызға арнайы  қолдау көрсетті. Ал, лицей әкімшілігі жеңімпаз және жүлдегер атанған оқушыларға мадақтамалар мен медалдарды табыс етті.  Олимпиаданың
"KIMEP" университетімен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті
20
февраль
2024
"KIMEP" университетімен кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өтті
     Қаламыздағы жоғары оқу орындарының бірі — "KIMEP" университетінің кәсіби бағдар беру бойынша маманы лицеймізге арнайы келіп, 10-11 сынып оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, толықтай ақпарат беріп кетті. Сондай-ақ үздік сұрақтарға жауап берген оқушыларға университет атынан  сыйлықтарды табыс етті.
"Көкөністердің ағзамызға тигізетін пайдасы"
20
февраль
2024
"Көкөністердің ағзамызға тигізетін пайдасы"
2024 жылдың 20 ақпан күні «Салауатты тамақтану мектебі» білім беру бағдарламасы аясында 7-сыныптар "Көкөністердің ағзамызға тигізетін пайдасы" тақырыбында шығарма жазды.  Мақсаты: көкөністердің пайдасы туралы ақпарат беру, сонымен қатар негізгі назар тамақтанудың әртүрлілігіне, тепе-теңдігіне және денсаулықты сақтау үшін көкөністерді, жемістерді, ақуыздарды, көмірсулар мен майларды дұрыс пайдаланудың маңыздылығына бағытталған.
Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орай 7-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді
20
февраль
2024
Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орай 7-11 сынып
      Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдық мерейтойына орай 7-11 сынып оқушыларына сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы білім беру; күй тыңдау барысында балалардың музыканы ести білу, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру; Құрманғазы күйлерінің тәрбиелік мәні жайлы әңгімелей отырып, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. 
Ғылымның биік бәйтерегі — Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа құрмет!!!
19
февраль
2024
Ғылымның биік бәйтерегі — Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа құрмет!!!
      Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық Зерттеу Университеті мен №178 мамандандырылған лицей әкімшілігі, Қазақ КСР академиясының академигі, профессор — Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай "Ғылымның биік бәйтерегі — Қаныш Сәтбаев" тақырыбында математика пәні бойынша 8-9 сыныптар арасында олимпиада өткізді. Олимпиаданың өтуіне аталған университеттің ректордың академиялық істер жөніндегі І проректоры,  басқарма мүшесі — Жәутіков Бақыт Ахатұлы қолдау көрсетіп, мұрындық болды.
7-сынып оқушысы Бақыт Айерке М.Мақатаев оқуларының жүлдегері
19
февраль
2024
7-сынып оқушысы Бақыт Айерке М.Мақатаев оқуларының жүлдегері
      Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды қолдау жөніндегі орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық М.Мақатаев оқуларының аудандық кезеңі өтті. Байқауға "Жыр эстафетасы" номинациясы (поэмаларды жатқа оқу) бойынша 7 "Б" сынып оқушысы Бақыт Айерке қатысып, жүлделі III орынды иеленді. Жарайсың! Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Советбек А.Б.
Лицейдің қыздар волейбол командасы қалалық турнирде жеңіске жетті
16
февраль
2024
Лицейдің қыздар волейбол командасы қалалық турнирде жеңіске жетті
      Алматы қаласы Бостандық ауданы "Туран" университетінің колледжінде волейболдан 9-сынып оқушыларының қыздар арасында қалалық турнир өткізілді.        Турнирге жалпы 12 команда қатысты. Турнир барысында ала допты алақанда ойнатқан ойыншылар жеңіс кубогын сарапқа салды. Турнирге қатысушылар бақтарын сынап, керемет өнер көрсетті. Жарыс тартысты, әрі қызықты өтті. Нәтижесінде турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталып, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.       
Лицей оқушыларының қатысуымен «Бауырсақ Party» атты науқан өтті
16
февраль
2024
Лицей оқушыларының қатысуымен «Бауырсақ Party» атты науқан өтті
      16 ақпанда лицей оқушыларының қатысуымен «Бауырсақ Party» атты науқан өтті. Іс-шарада әр сынып белсене қатысып, ұлттық дәстүрімізді ұлықтау мақсатында бауысақпен қатар түрлі піспе өнімдерін ұсынды. Аталмыш науқан жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ауқымды шараларының бірі, әрі оқушыларға ұлттық құндылықтар мен дәстүрлерді, ұлттық тағамдарды дәріптеу шарасы болып табылмақ.  
Математика – сандық дәуір негізі: мұғалім мен оқушы құзыреттілігінің сабақтастығы
16
февраль
2024
Математика – сандық дәуір негізі: мұғалім мен оқушы құзыреттілігінің
      2024 жылдың 16 ақпанында Алматы қаласы ҚББЖТҒӘО-ның қолдауымен №178 мамандандырылған лицейде «Математика – сандық дәуір негізі: мұғалім мен оқушы құзыреттілігінің сабақтастығы» тақырыбында қалалық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикумға Алматы қаласының жалпы білім беру ұйымдарының математика пәнінің  мұғалімдері қатысты.       Іс-шараның салтанатты ашылуында лицей директоры К.Х. Шадиев «Лицейдің жаңаруы мен даму жолдары» тақырыбында баяндама жасап, білім мекемесінің белесті
7-8 сынып оқушыларынан құралған шахмат құрамасы жеңісті ойын көрсетті
15
февраль
2024
7-8 сынып оқушыларынан құралған шахмат құрамасы жеңісті ойын көрсетті
      Алматы қаласы Наурызбай ауданы "Самай" мектебінде "Ұлттық мектеп лигасы" аясында шахматтан 7-8 сынып оқушылары арасында  қалалық іріктеу жарысы өтті. Жарысқа әр ауданнан  ең мықты шахматшылар қатысып, тартысты ойын көрсетті. Жарыс барысында логикалық ойлау қабілеттері мен зейіні зерек оқушылар жақсы ойын көрсетті. Жарыстың нәтижесі бойынша, №178 мамандандырылған лицейдің оқушылары жүлделі 2-орынды иеленді. Оқушыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!!! #ұлттықмектеплигасы  #шахмат #chess